Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3287 0 пікір 3 Сәуір, 2013 сағат 06:26

«Студенттік көктем-2013» байқауы өтті

Білім мен қоса өнерді де қатар алып жүретін ҚазҰУ білімді, өнерлі жастар мекеніне айналған. Оған көктеммен бірге келетін, көктемнің жаршысындай болған «Студенттік көктем» атты дәстүрлі студенттік  байқауын айтуға болады. Байқау тек өнерді көрсетіп қоймайды. Сол өнер арқылы жастардың бойындағы айналаға деген нұрлы көзқарасын көрсетеді. Байқау өнер арқылы адамдарды сыйлау, үлкенге құрмет көрсету секілді адамгершілік асыл қасиеттерін бойларына сіңіретін жастардан тұрады. Оны байқауға келген әрбір көрермен түсінері анық. Бұл бір жағынан университет ректоры Ғ.Мұтановтың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Айналаңды нұрлаңдыр» жобасының тағы бір сәулелі тұсы болса керек.

Айналасын нұрландыруға жаны жақын ҚазҰУ жастары биылғы «Студенттік көктем» байқауын өте шығармашыл, жанды, жақсы деңгейде өткізді. Байқау 1 ақпаннан 29 наурыз аралығында жүргізілген болатын. Байқауға тек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің студенттері мен колледжінің студенттері қатысты. Бірінші кезең іріктеу кезеңі деп аталған болатын. Мұнда университетімізден 2000-ға жуық студенттер өнерлерін көрсетті. Әсіресе, биылғы жылдың бір ерекшелігі әрбір номинацияға бір күннен берілді. Ал, екінші кезең 15 наурызда өтті. Оған іріктелген 1000-ға жуық студент қатысты. Үшінші кезең күні кеше ғана өтті. «Студенттік көктем-2013» байқауының Гало-концеретіне 12 номинация бойынша 300-ге жуық өнерлілер марапатталды. 3-ші және 2 -ші жүлделі орындарды универсиетіміздің Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева табыстаса, бірінші орын иелерін университет ректоры Ғ.Мұтанов ерекше құрметпен, жылы ниетпен жеткізді. Университет ректоры Ғ.Мұтанов марапаттау салтанатында: «Біз жүзден жүйрік, мыңннан тұлпар шыққан университетіміздің өнерлі жастарын көріп отырмыз. Байқауға қатысып, жарысқан барлық жастарға нұрлы өмір, жарқын болашақ тілеймін. Өмірде көктемнен көркем мезгіл жоқ. Сіздер қазір өз жастарыңыздың көктемінде жүрсіздер. Бұл дәстүрлі студенттік байқауымыздың көктемде өтуі және байқаудың тақырыбының көктеммен байланысты болуының өзінде терең мағына бар. Сол көктемнің шуағы әрқашан көңілден кетпесін»,-деп шын жүректен шыққан жылы сөзімен бөлісті.

«Студенттік көктем-2013» байқауына қатысқан барлық жастардың жалыны сахнаға шыққан жүздері мен өнерлерінен айқын байқалып тұрды. Олардың өнерімен қоса мың құлпырған сахна тіпті әсерлі. Біресе ұлттық нақышқа, енді бірде терең сырға жетелейтін көркем құбылыстағы түстер мен әсем табиғат бедерлерінен құралған экран сәт-сайын әуен ырғағы мен студент қимылы мен мазмұнды өнеріне қарай құбылып тұрды. Көркем декарация келушілерге ерекше әсер сыйлады. Ал, өнерлі жастардың өнері көрерменің басқа бір әлемде жүргендей әсерде қалдырғаны сөзсіз. Өнерлерімен тәнті етіп, байқауда ерекше көзге түскен студенттер өздерімен қоса факульттеріне де жеңіс әкелді. Олар үшінші орында Халықаралық қатынастар және Химия және химиялық технология факультеті, екінші орын Журналистика және Экономика және бизнес жоғары мектебі, бірінші орын Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті иеленсе, гран-приді Филология,әдебиеттану және әлем тілдері факультеті иеленді. Оларға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен қаржылай ақша табысталды. Байқауға қатысқан барлық жеңімпаз студенттерге демеушілер тарапынан дипломдар, түрлі сый-сыяпаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Алмагүл ҚҰРМАНБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Журналистика факультеті

деканының орынбасары,

филология ғылымдарының кандидаты

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3592