Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1736 0 пікір 14 Ақпан, 2023 сағат 17:53

Қазақстандағы дінаралық татулық: Біз көппіз, біз - бірміз!

Қазақстандағы дінаралық келісім — қоғамның дамытып, сақтап қалуға тиіс құндыдығы. Себебі, әртүрлі ұлттар мен этностартар ұстанатын діндердің өзара әрекеттесуінің тұрақты моделі – бүгінгі Қазақ елінде бөлінбейтін біртұтас жасампаздық пен келісім жағдайын қалыптастырып отыр.

Қазақстандағы қазіргі діни жағдайды дінаралық сұхбат мәдениеті аясында, яғни Қазақстанды қазіргі кезде әлемге танымал қылып отырған басты құндылығы бейбіт қатар өмір сүру мәдениеті аясында баға берген жөн. Қоғамдық сананың формасы ретінде діннің қоғам мен адам өмірінде, мәдениеті мен дәстүрінде атқарар рөлі зор.

Әлемдегі тыныштық, бейбіт қатар өмір сүруге жол бастайтын басты ұстаным – дінаралық сұхбаттастыққа басты мән берілуі керек. Өйткені соңғы кездері саясиланған дәни ұстанымдар салдарынан кейбір елдерде конфессияаралық қақтығыстар орын алған. Осы себептер зайырлы елдерде діни сала заңнамалармен жүйелі түрде бақыланып отырады. Мемлекет тарапынан діни бірлестіктер қызметін қадағалау, оларға қаражат бөлу, миссионерлік қызметті қадағалау – мемлекеттің қауіпсіздігін, бейбітшілігін сақтауға қажет. Діндарлар мен діни бірлестіктер қоғамның рухани құрылымының ажырамас бөлігі болғандықтан, мемлекетімізде дәстүрлі діндердің мәдениетті құрушы әрі жалпыға ортақ рухани әлеуетін дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықты сақтау мен нығайтудағы алатын орнына ерекше мән беріліп отыр.

Дінаралық келісім мәдениеті толеранттылық, дінаралық келісім, төзімділік, дінаралық сұхбат ұғымдарымен дәріптеле бастады. Толеранттылық ұғымы ғасырлар бойы қалыптасты. Әр заманның өзіндік жағдайына қарай, сол кезеңнің шындығын беруге тырысты. Алғаш рет толеранттылық ұғымының заңдық рәсімделуі ЮНЕСКО-ға мүше 185 мемлекеттің Парижде 1995 жылы 16 қарашада  «Толеранттылық принциптерінің Декларациясын» қабылдауымен басталды. Осы ресми құжатта толеранттылықтың мынадай мағналарын білдірді:

«1.1. Толеранттылық әлемдегі мәдениеттердің көптүрлілігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну, өз-өзімізді көрсету формалары және адамның индивидуалдылығын көрсету тәсілдері  дегенді білдіреді. Оған білім, ашық қабылдау, қарым-қатынас және ой, ар және сенім еркіндігі  септеседі. Толеранттылық – бұл көптүрліліктегі үйлесім. Бұл тек моральдық борыш қана емес, сонымен бірге саяси және құқықтық қажеттілік. Толеранттылық – бұл бейбітшілікке қол жеткізуге және соғыс мәдениетін бейбітшілік мәдениетімен ауыстыруға мүмкіндік беретін игілік.

1.2. Толеранттылық – (бәріне) жол беру, жоғарыдан қарау немесе жасандылық емес. Толеранттылық – әмбебап құқықтар мен адамның негізгі еркіндіктерін мойындау негізінде қалыптасатын белсенді қарым-қатынас. Толеранттылық ешқандай жағдайда да осы құндылықтарға қол сұғушылыққа қызмет етпейді, толеранттылықты жеке адамдар, топтар және мемлекеттер танытуы тиіс.

1.3. Толеранттылық – адам құқықтарының бекітілуіне, плюрализмге (соның ішінде мәдени плюрализмге), демократия және құқықтық тәртіпке қызмет ететін міндеттілік. Толеранттылық – бұл догматизмнен, ақиқатты абсолюттендіруден бас тартуды және адам құқықтары саласы бойынша халықаралық актілерде бекітілген нормаларды білдіретін ұғым.

1.4. Адам құқықтарын құрметтеуге үндес келетін толеранттылықты көрсету әлеуметтік әділетсіздікке төзімді болу, өз сенімінен бас тарту немесе басқалардың сеніміне жол беру дегенді білдірмейді».

Толеранттылық ұстанымы адамды құрметтеу, оның көзқарасын, сенімін сыйлауға бағытталған. Бірақ толеранттылықты көп жағдайда «төзімділік» деп түсініп жатады. Төзімді болу немесе кең болу дегенде барлық сенімдерге, барлық діндердегі айтылғанға төзу дегенді білдірмеу керек, бұл арада таңдампаздық қажет. Дін саласындағы толеранттылық мәселесін зерттеу барысында дінаралық келісім, дінаралық сұхбат, үнқатысу ұғымы тиянақтала түседі. Діндер арасында өзара түсінісудің бір формасы ретінде «басқаның» «басқа» екендігін түсіну жолындағы ізденістер болып саналады.

Елімізде азаматтардың діни сенім бостандығы, ұлтаралық татулық Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделеді. Ата Заңның 14-бабы 2-тармағына «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды», 39-бап 2-тармағына сай «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады» деп нақты көрсетілген.

Елімізде ұлтаралық келісім, бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарының қалыптасуы халықаралық ұйымдар тарапынан да оң бағасын алып келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етіп, толеранттылықты басым бағыт ретінде көрсетіп, «Сенім. Дәстүр. Транспаренттлік. Толеранттылық» негіздерін анықтады. 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына мемлекетіміздің төрағалық етуі қазақ жеріндегі бейбіт ымыраласудың тиімділігіне көрсетілген сенім белгісі болды.

Ал елімізде әр үш жыл сайын өткізіліп тұратын Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің конфессияаралық келісімді нығайтуда халықаралық деңгейде орны ерекше. Әр съезд өз алдына елеулі мақсат қойып, соны жүзеге асыруда қыруар жұмыстар атқарып келеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 жылғы алғашқы Съезі діндер арасындағы үнқатысу мәдениетін қалыптастыру және осы бағытта шешімді жүзеге асыратын халықаралық дінаралық институт құруды көздесе, екінші Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» тақырыбында өтті. Бұл съезде «Дінаралық үнқатысу принциптері» қабылданды. Үшінші Съездің негізгі тақырыбы – рухани басшылардың, әр түрлі дінбасыларының толеранттылыққа, өзара ынтымақтастық пен құрметке құрылған әлемді құрудағы рөлі туралы болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  IV съезі 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтті. IV Съездің тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты.

IV Съезд аясында Діни көшбасшылар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. Мәдениеттер диалогына және экономикалық өзара ықпалдастыққа бағытталған өзге де форумдар мен халықаралық ұйымдармен диалог және ынтымақтастықты қамтамасыз етудің басымдықтары мен тетіктерін айқындау діни көшбасшылар кеңесінің негізгі мақсаты болып табылады.

Съезд жұмысының нәтижесінде қатысушылардың үндеуі қабылданды. Діни көшбасшылар бүкіл адамзатты әлемнің болашағы үшін өзара ықпалдастыққа, келісім мен  бейбітшілікке, әділеттілік пен жасампаздыққа ұмтылуға шақырды.

Дінаралық мәдениетті дамытуда бүгінгі таңда жоғары білікті, кәсіби мамандардың рөлі артып отыр. Қоғамда дінтанушыларға берілер жауапкершіліктің жүгі ауыр. Дінтанушы кез келген мәселеге баға беруде байыпты болуы керек. Ешқашан біржақты пікірге берілмеуі керек, ал бұл қиын дүние. Дін өкілдері әрқайсысы өз тарапынан, сол өзі уағыздайтын діні тарапынан ойын ашық, бүкпесіз айта алады, зайырлы дінтану ғылымының өкілдері субъективтіліктен жоғары болып, дін туралы мәселелерді бағалауда, сараптауда объективтілікті басты принцип ретінде ұстануы тиіс.

Қазақ елі ту көтеріп тәуелсіздік алғалы еліміздегі дінаралық қатынас саласында мемлекеттік сындарлы саясат жүргізіп келеді. Дінаралық келісім мен толеранттылық азаматтық бейбітшіліктің негізі. Біздің мемлекетіміздегі әлеуметтік прогрестің маңызды факторы болып есептеледі. Тең құқыққа және міндетке ие барлық діни бірлестіктер, діни сенімдеріне қарамастан, жасаған құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдында бірдей жауап береді.

Қазақстан конфессияаралық және этникалық көпжақтығымен ерекшеленетін әлемдегі санаулы мемлекттердің қатарына жатады.

Қазақстан демократиялық, зайырлы құндылықтарды ұстанатын ел және еліміздегі этностар өзінің мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау мен дамытуына барлық жағдайлар жасалған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502