Мәжіліс сайлауы: Теледебатқа кімдер түседі?
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында 16 наурыз күні «Хабар» арнасында өтетін теледебатқа кімдер түсетіні белгілі болды.
«Бүгін Орталық сайлау комиссиясы қаулысының жобасымен пікірсайыс өткізу регламентін келісу, сондай-ақ, теледебатқа қатысушылардың партиялар ұсынған тізімін бекіту ұсынылады.
«Amanat» саяси партиясынан – Қошанов Ерлан Жақанұлы,
«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы;
«Respulica» партиясынан Қожаназаров Айдарбек Асанұлы;
«Қазақстан халық партиясынан – Ертісбаев Ермұхамед Қабиденұлы;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан – Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы;
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан – Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;
«Жалпыұлттық социал+демократиялық партиясынан» - Әуесбаев Нұрлан Сатыпалдыұлы», - деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.
Комиссия мүшелері аталмыш телевизиялық пікірсайысты өткізу туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.
Abai.kz