Сенбі, 27 Ақпан 2021
Жаңалықтар 1425 0 пікір 9 Сәуір, 2013 сағат 06:35

Әбiқаевтан Байбекке дейiн...

НЕМЕСЕ "БАЗАРДАН ҚАЙТҚАНДАР", "БАЗАРДА ЖҮРГЕНДЕР" ҺӘМ "БАЗАРҒА БАРА ЖАТҚАНДАР" ТУРАЛЫ

Жақында Рейтинг.кз зерттеу агенттiгi Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың тағын иеленуi мүмкiн мұрагерлердiң атын атап, түсiн түстедi. Әрине, қазiр ерiнбегеннiң бәрi рейтинг жасап жүр. Әр сарапшының өз рейтингi бар. Кiмдiкi шынайы, кiмдiкi тапсырыспен жасалғанын көзi қарақты оқырман сезiп-бiлiп отыр.

Рейтинг.кз зерттеу орталығы да шама-шарқынша тiзiм түзiптi. Көңiлден шыққанын қойын дәптерге түртiп қойыңыз, ұнамағанын сызып тастай салыңыз.

Сонымен, зерттеу агенттiгi мынадай тоғыз фактор бойынша салыстырмалы түрде мүмкiндiгi бар мұрагерлердi мұрнынан тiзiп шыққан: ҚР Президентi Н.Назарбаевтың сенiмi; билiк элитасындағы ықпалды тұлғалар мен топтардың қабылдауы; саяси ықпалы; жоғарғы билiктегi мүдделестерiнiң болуы; күштiк құрылымдардағы ықпалы; сыртқы күштер мен әлемдiк державалар көшбасшыларының қолдау мүмкiндiгi; экономикалық ықпалы; кәсiби бiлiктiлiгi (бiлiмi, басқару тәжiрибесi т.т.); қоғамдағы танымалдылығы.

Сарапшылардың берген бағасы бойынша бiрiншi орында ҰҚК төрағасы Нұртай Әбiқаев тұр. Прези­денттiң сенiмi мен саяси ықпалы жөнiнен, сөз жоқ, Әбiқаевпен ешкiм иық теңес­тi­ре алмайды. Экономикалық ық­па­лы орасан, билiкте оның мүдделестерi де аз емес. Ал ендi Әбiқаевты қоғам қалай қабылдайды? Сыртқы күштер мен державалардың басшылары қолдай қоюы мүмкiн бе? Кәсiби бiлiктiлiгi мен басқару тәжiрибесiн саралағанда сарапшылар не нәрсеге сүйендi? Бұл - басқа әңгiме.

Президент әкiмшiлiгiнiң же­текшiсi Кәрiм Мәсiмовтi екiншi орынға қойыпты. Түптеп келгенде, Мәсiмовтiң мүмкiндiгi Әбiқаевтан жоғарылау. Олай дейтiнiмiз, президент Н.Назарбаев Мәсiмовке де сенедi. Саяси ықпалы сәт сайын өсiп жатыр. Мәсiмовтiң бiлiктiлiгiне ешкiм шәк келтiре қоймаса керек. Сыртқы күштердiң көңiлiн табуды "мұртты жiгiт" сияқты меңгерген адам кемде-кем. Айтарлықтай танымал. Соған қарамастан Мәсiмов­тiң де "минустары" аз емес. Ең алдымен, оны қоғам дұрыс қабылдай қоюы екiталай. Екiншiден, билiктегi негiзгi тетiктердiң бiрi - күштiк құрылымдар Мәсiмовтiң жағына шыға қоймайды. Жауы да аз емес, әсiресе, ол президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi болғалы берi тiсiн қайрап жүргендердiң қатары көбейдi. Өмiрбаянындағы шикiлiктерi тағы бар.

Үшiншi орындағы Тимур Құлыбаевтың жайы белгiлi. Жоғарыдағы екеуге қарағанда президент Назарбаев екiншi күйеубаласына аз-кем сенiмсiздiкпен қарайды. Бұған бiрiншi күйеубала сабақ. Құлы­баев қаржы-қаражат жөнiнен жонды һәм жоталы болғанымен, қоғамның оған деген көзқарасы тетiр. Батыс Еу­ро­паның әр-әр жерiнен дау-дамаймен аты шығып жүрген Құлыбаевты АҚШ президентi Барак Обама немесе Ұлыбританияның премьер-министрi Дэвид Кэмерон қолдауы мүмкiн бе?

Иманғали Тасмағамбетов. Тас­мағамбетовтiң қоғамда ептеген сүйкiмi бар. Мәселен, Ақорда үрке қарайтын Алматыда Иманғали Нұрғалиұлының саяси ықпалына, ел басқару қабiлетiне, қолдаушыларының көптiгiне қарсыластарының өзi қызғанышпен қарайтын болса керек. Ұлтқа деген жанашырлығы да жоқ емес. Алайда Тасмағамбетовте де "бәрi тастай" деуге кел­мейдi. Ең алдымен, президент Назарбаев Тасмағамбетовтi өзiне кепiл болады деп есептемейдi. Президент сенбеген соң прези­денттiң айналасындағы топтар да оны мүйiздеп тастауға даяр. Тасмағамбетовтiң тағы бiр ұрымтал тұсы - дипломат емес. Дипломатиясы кемшiн соғып тұрған адам әлемдiк державаларға сөзiн өткiзе алуы неғайбыл.

Рейтинг түзушiлер президенттiң қызы Дариға Назарбаеваны Марат Тәжин (5-орын) мен Болат Өтемұратовтан (6-орын) кейiнгi жетiншi орынға жайғастырыпты. Президенттiң қызы ғой деп көңiлiне қараса керек, сiрә. Әйтпесе, Дариғаның Қасым-Жомарт Тоқаев (8-орын) пен Серiк Ахметовтен (9-орын) жоғары тұратын жөнi жоқ. Дариғаға тiптi әкесiнiң өзi билiктi сенiп тапсыра алмайды. Өйткенi тапсырған күннiң ертеңiнде тiзгiннен айырылып қалатынын жақсы бiледi.

Одан кейiнгi орындар тиген Ахметжан Есiмов, Әдiлбек Жақсыбеков, Өмiрзақ Шөкеев, Нұрлан Нығматулин, Қайрат Мәми, Қайрат Қожамжаров, Әсет Исекешев, Аслан Мусин, Қайрат Сатыбалды, Бақытжан Сағынтаев, Қайрат Келiмбетов, Самат Әбiш, Бақыт Сұлтанов және ең соңғы 23-орындағы Бауыржан Байбек туралы да бiршама нәрсе айтуға болады. Бiрақ оның бәрi - басы артық шаруа. Онсыз да жұрт кiмнiң-кiм екенiн көрiп жүр.

Айтылуға тиiс бiр нәрсе бар. Әбiқаевтан бастап, қазiргi билiк элитасындағы "мұрагер" деп жүргендердiң көпшiлiгi - қазiргi президенттiң замандастары. Яғни, "базардан қайтып келе жатқандар". Мұрагер деп ат қойып, айдар таққандардың арасында "базарда жүргендерi" де бар. Олар - Әсет Исекешев, Қайрат Келiмбетов, Бақыт Сұлтановтың тұстастары. Рей­тингiшiлдер қазiргi мәжiлiс депутаты Мәулен Әшiмбаевты тiзiмнен ерте сызып тастаған сияқты. Әйт­песе, қайсыбiреулер сияқты "бой көрсетудi" қаламайтын Әшiмбаев "екi шоқып, бiр қарайды". "Өткелектен өткен, пiскен саясаткер" дегенге әдеби сыншы Сағат Әшiм­баевтың ұлы жарап-ақ тұр.

Ал ендi "базарға бара жатқан" Самат Әбiш пен Бауыржан Байбек­тiң құрбы-құрдастары туралы сөз етуге әлi ерте. Бiр ауыз сөзбен айт­қ­анда бұлар әлi шикi.

Сонымен, тобықтай түйiн: мұрагер осы үш топтың қайсысынан шығуы мүмкiн? Әрине, "базарда жүргендердiң" арасынан...

Б.Көшербай.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір