Сейсенбі, 28 Мамыр 2024
Деп жатыр 2452 7 пікір 14 Наурыз, 2023 сағат 11:38

«Ислам мемлекеті» ұйымы Қытайға жиһад жариялады

Америка даусының хабарлауынша Ауғаныстанда әрекет ететін Ислам мемлекеті терористік ұйымының «Қорасан» тобы 48 минуттық бейне үндеу жариялап: «Қытайдағы Ұйғырларды азат ету біздің – қасиетті парызымыз», - деген.

Одан бір күн бұрын 112 беттен тұратын үгіт кітапшасында Тәліптер мен Қытайдың қатынасын, Қытай билігінің ұйғырларға жасап отырған қиянатын сынға алған.

Кабулда өткен жылы желтоқсанның 12-сі күні, Қытайдың Ауғаныстандағы елшісімен Тәліп сыртқы істер министрінің кездесуінен бір күннен кейін, Қытайлардың ресторанында жарылыс болған. 3 адам қаза тауып, 18 адам ауыр жараланған. Қытайға жиһад жариялаған бейне үндеуде аталмыш ұйым жарылысқа қалай дайындалғандарын бастан-аяқ анық көрсеткен. «Кәпірлерді аямай, Шығыс Түркістандақтарды бақыт пен еркіндікке жеткізетіндерін» айтқан. Олар сондай-ақ, Ресей мен Пәкістан елшіханасында болған жарылыстарды мойындарына алған.

Біріккен ұлттар ұйымы мен АҚШ бастаған көптеген елдер аталмыш ұйымды «террористік ұйым» деп танып, санкция салған. БҰҰ-ның мәліметінше, ұйымның 1 мың мен 3 мыңның арасында сарбаздары бар. Олардың ішінде 200-і Орта Азия елдерінен келген. Соңғы кезде аталмыш ұйым ақпараттық үгітті күшейтіп, қатарын көбейтуге кіріскен. Жеке радио желісін ашып, парсы, тәжік, өзбек, орыс, пуштүн тілдерінде үгіт материялдар таратқан. Негізгі қаржылық көзі апиын сатудан келеді екен.

Олар өздерін Тәліптерге бірден бір қарсыласпыз деп санайды. Ауғаныстан, Пәкістан, Орта Азияны қосып халифат құрғысы келеді. Қытай, Үндістан, Иран, Пәкістан, Ресей қатарлы елдердің Ауғаныстандағы елшіліктеріне қарсы шабуылдар ұйымдастырып, сол арқылы олармен Тәліптердің байланысын үзбек ниетте.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2387
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2718
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 3093
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1791