Сенбі, 23 Қараша 2024
2009 8 пікір 14 Наурыз, 2023 сағат 13:23

Шораев ісі: Сот шешімі шықты...

Мәжіліс депутаттығына үміткер, қоғам белсендісі Арман Шораев Қазақстан Халықтық партиясынан кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

«Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мені ҚР ӘҚБтК 104-бабы бойынша Қазақстан Халықтық партиясынан кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп таныды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Оның күшіне енуі үшін 10 күн қажет, яғни 2023 жылдың 24 наурызына дейін.

Әрине, шығарылған сот актісімен келіспеймін, шағымданамын. Өкініштісі, мұндай шағымды қарау сайлау өтіп жатқан 2023 жылдың 24 наурызынан кейінге қалады.

"ҚР-дағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 4-3-тармағына сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе дауыс беру күніне екі күн қалғанда бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, оның кінәсі заңды күшіне енген сот актісі ретінде танылғанға дейін адам кінәсіз болып саналады.

Демек, 2023 жылдың 19 наурызына дейін сот актісі заңды күшіне енбейді, сондықтан аудандық сайлау комиссиясы апелляция қаралғанға дейін тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға құқысы жоқ.

Соңғы күндері Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімі аппаратының басшысы Жүнісбеков Бақытжан тарапынан қызметтен кетуді талап еткен № 2 ИЫҰ төрағасы Жолмағамбетова Айсара бүгін комиссияның бес мүшесінің үшеуі басқа тұлғалармен ауыстырылғаннан кейін төраға қызметінен кетуге және қарапайым мүше болуға мәжбүр болды.

Енді № 2 аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы соттың заңды күшіне енбеген қаулысы бойынша мені тіркеуден жоюға бара ма, жоқ па, соны күту ғана қалады.

Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның бұзылуына Орталық сайлау комиссиясы және аудандық сайлау комиссиясы  жол бере ме, бермей ме, оны біз алдағы күндері көреміз.

Мені сайлауға түсірмеу үшін жаңа Қазақстан тағы да қандай заңбұзушылықтарға баратынын көрейік…»,-деп жазды ол.

Айта кетейік, сайлауалды науқаны басталғаннан кейін, Қазақстан халық партиясының мүшесі Нұрия Балтабайқызы Арман Шораевтың үстінен арыз жазып, сотқа шағымданды. Арызға Шораевтың 2023 жылғы 20 ақпанда Facebook әлеуметтік желісінде "Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың суретін жариялап" оны "сатқын" деп атағаны, осы жазба партия мүшесі ретінде оның "ар-намысына тигені" себеп болған көрінеді.

Арман Шораев Қазақстан халық партиясының мүшесі Ермұхамет Ертісбаев пен Ресей журналисі Владимир Соловьевтың видеосұхбатынан кейін «Бұл сатқындарға дауыс бермеңдер!» деп жазған болатын.

Қазақ қоғамы Шораевтың қамалуына наразы. Мұны Мәжіліске бара жатқан үміткердің аяғынан шалу әрекеті деп бағалауда.

 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443