Жұма, 2 Қазан 2026
2586 2 пікір 14 Наурыз, 2023 сағат 14:27

БҚО мен Ақтөбені су басып жатыр

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Батыс Қазақстан облысындағы жағдайды баяндады.

«Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Жалпы 51 үйді су басты. Оның 45-і - Батыс Қазақстан облысында болса, 6 – Ақтөбе облысы аумағында. 240 адамның 20-дан астамы уақытша эвакуация пунктіне орналасты, қалғандары туыстарының үйіне кетті», - деді Ю. Ильин Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, мониторинг жұмыстары жалғасуда, жол жабынында 26 су тасқыны байқалған еді, оның 13-і тоқтатылды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізілді және бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 317
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 338
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 439