Ораза кестесі жарияланды

Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми-зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан 23 наурызда басталады. Ал сәуірдің 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір - Ораза айт мерекесі», – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен Ораза айт намазына дейін беруге болады.
Abai.kz