Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2374 2 пікір 20 Наурыз, 2023 сағат 17:28

Гаага үкімі: Путин үшін қай елдер қауіпті?

Таяуда Ресей президенті Владимир Путин ресми түрде қылмыскер атанып, халықаралық Гаага сотынан шақырту алған еді. Оған Украинаға соғыста әскери қылмыстар жасады, әлеуметтік инфроструктураларды қиратып, адамзатқа қарсы қылмыс жасады, украин балалары мен азаматтарын Ресейге күштеп депортациялады деген айыптар тағылды. Сонымен қатар ресейлік балалар омбудсменті Мария Львова-Беловаға да осындай бұйрық келді.  

Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, соғыс басталғалы Донецк, Луганск, Харьков және Херсон облыстарынан 16 мың бала Ресейге жер аударылған.

Ендігі кезекте Халықаралық қылмыстық соттың Рим жарғысын ратификациаялаған елдерге Ресей көшбасшысы кіре алмайды.

2023 жылғы дерекке сай, бүгінде Рим статутына 137 мемлекет қол қойып, оның 123-і ратификациялаған. Оның ішінде Орталық Азия елдерінен Тәжікстан бар. Ал Қырғызстан мен Өзбекстан құжатқа тек қол қойғандар қатарынан.

Сонымен қай мемлекеттер Рим жарғысын қабылдаған, тізімін ұсынайық:

Австрия, Албания, Алжир, Андорра, Ангола, Антигуа и Барбуда, Аргентина, Армения, Австралия, Австрия , Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Бельгия, Бенин, Болгария, Боливия, Босния и Герцеговина, Ботсвана, Бразилия, Буркина-Фасо, Ұлыбритания, Венгрия, Венесуэла, Шығыс Тимор, Габон, Гаити, Гайана, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Биссау, Германия, Гондурас, Греция, Грузия, Дания, Джибути, Доминик, Доминикан Республикасы, Египет, Замбия, Зимбабве, Иордания, Иран, Исландия Ирландия, Испания, Италия, Йемен, Камбоджа, Камерун, Камор аралдары,  Канада, Кения, Кипр, Қырғызстан, Колумбия, Конго, Конго Демократиялық  Республикасы, Корея Республикасы, Коста-Рика, Кот-д`Ивуар, Кувейт, Латвия, Лесото, Либерия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Маврикий, Мадагаскар, Македония, Малави, Мали, Мальта, Маршал аралдары, Мексика, Мозамбик , Молдавия, Монако, Монголия, Морокко, Намибия, Науру, Нигер, Нигерия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Жасыл мүйіс аралдары, Панама Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Румыния, Самоа, Сан-Марино, Сан-Томе-Принсипи, Санта-Лусия, Сенегал, Сент-Винсент пен Гренадин, Сейшел аралдары, Сирия, Словакия, Словения, АҚШ (2002 жылы бас тартқан), Соломонов аралдары, Судан, Сьерра-Леоне, Тәжікстан, Тайланд, Танзания, Тринидад пен Тобаго, Уганда, Өзбекстан, Украина, Уругвай, Фиджи, Финляндия, Франция, Хорватия, Орталық Африка, Чад, Чили, Чех Республикасы,, Швейцария, Швеция, Эквадор, Эритрея, Эстония, Югославия, Оңтүстік Африка Республикасы, Ямайка.

Бұл тізімде Ресейдің өзі де болған. Ресей Жарғыға 2000 жылы 13 қыркүйекте қол қойды, бірақ оны ұзақ уақыт бойы ратификацияламады. 2016 жылғы 16 қарашада президент Владимир Путин Ресейдің Рим статутына қатыспайтыны туралы бұйрыққа қол қойды.

БАҚ Путиннің бұл шешімге келу себебі, Қырымды басып алуымен байланысты екенін жазған болатын. Алайда Ресей билігі оны ешқашан мойындаған емес.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394