Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2503 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 08:15

Биыл Қазақстанның сақтандыру нарығында Ұлттық банктің базасында несиелік бюроның аналогы құрылады

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Үстіміздегі жылдың соңына дейін Қазақстанның сақтандыру нарығында ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымы түрінде несиелік бюроның аналогын құру жоспарланып отыр, деп хабарлады Ұлттық банктің методология, бақылау және қадағалау департаментінің директоры Нұрлан Әбдірахманов.

«Мен бізде сақтандыру статистикасының бірыңғай базасы бар екенін айтқым келеді, біз оны шартты түрді СМББ (сақтандыру мәліметтерінің бірыңғай базасы - ҚазТАГ) деп атаймыз. Қазақстанда осындай ортақ мәліметтер базасын құру жоспарланып отыр, ол реттеушінің жанынан құрылады. Заң жобасына тиісті түзетулер енгізілді», - деп мәлім етті Н. Әбдірахманов бейсенбі күні «Орталық Азиядағы сақтандыру» VII халықаралық конференциясында.

Ұлттық банк өкілі «мұндай тетік банктік несие нарығында бар» екенін жеткізді.

«Онда да несиелік бюро бар. Мемлекеттік несиелік бюро құрылады, ол минималды тарифтер бойынша ақпарат жинауды қамтамасыз етеді, бірақ бүкіл сақтандыру нарығына толық ақпарат ұсынатын болады. Сол себепті Қазақстанда реттеушінің бақылаумен бірыңғай сақтандыру статистикасының болуы осындай ақпарат алуға мүмкіндік ашады», - деді ол.

«Біз (ҚР сақтандыру нарығында несиелік бюроның аналогын - ҚазТАГ) жыл соңына дейін ашуды жоспарлап отырмыз», - деп нақтылады Н. Әбдірахманов журналистерге.

Еске сала кетейік, Қазақстанда «Первое кредитное бюро» ЖШС (ПКБ) бар, ол 2004 жылдың қырқүйегінде орталықтандырылған ақпарат жинау мен сақтауды, несиелік тарихтар жасауды, несиелік есептер беруді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым түрінде құрылды. Қызмет еткен кезеңде ПКБ елеулі мәліметтер базасын қалыптастырды, қазір онда 15 млн-нан аса несиелік келісімшарттар туралы ақпарат жинақталған 5 млн-нан аса несиелік тарих бар.

Ұйымның құрылтайшылары мен қатысушылары - ҚР-дағы 7 ірі екінші деңгейлі банк пен Credit Info Schufa Group қаржы компаниясы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420