Жұма, 22 Қараша 2024
1538 1 пікір 28 Наурыз, 2023 сағат 14:37

Абзал Бейсенбекұлы Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін (Ұлыбритания), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінде бастаған.

2008-2010 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы.

2010-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік салада бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, олардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау департаментінде жұмыс істеді.

2011-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі және бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2019-2021 жылдары жеке және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

Бұрын осы лауазымды атқарған Татьяна Михайловна Савельева қызметтен босатылды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257