Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2801 0 пікір 20 Мамыр, 2009 сағат 05:46

Экс-елші Әлиевтің әкесіне қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтерді жариялайтын болса, ҚР елшілігі австриялық журналға шағымдануы мүмкін – «Время» газеті

Алматы. 19 мамыр. ҚазТАГ – Егер Австрия БАҚ-тарында, Венадағы Қазақстан елшілігінде осы елдегі экс-елші Рахат Әлиевтің әкесі – академик Мұхтар Әлиев болып кеткен соң, қалыптасқан жағдайға қатысты шындыққа жанаспайтын жарияланымдар басылған жағдайда, дипмиссия сотқа шағымдануы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл туралы «Время» газетіне ҚР елшілігінің мүддесіне өкілдік ететін адвокат Вильгельм Кладе хабарлапты.
«Егер елші маған сотқа жүгін десе, мен солай істеймін. Бірақ әзірге ол маған еш нәрсе айтқан жоқ. Егер осындай ақпарат тағы да журналда жарияланса, онда біздің соттасатынымыз айдан анық», - деп айтты ол, телефон арқылы, газет тілшісіне.
Жаряланымда, редакцияда австриялық «Профиль» журналының басшылығына адвока Вильгем Кладе жазған хаттың көшірмесінің барлығы  атап өтіледі. Ол хатта адвокат басылымды шындыққа жанаспайтын ақпарат жарялағаны үшін айыптайды.
Өзінің хатында адвокат, 11 мамырда қазақстандық арнайы қызметі академик Мұхтар Алиевті ұрлап әкетуге әрекеттенді деп, журналда жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. В. Кладенің айтуынша, Венадағы ҚР елшілігіне акадкмик шынымен өз еркімен келіп және Қазақстанға оралуына көмектесуін сұраған.

В. Кладе дәлел ретінде Мұхтар Әлиевтің елшілікте болған кезінде жазған хатын келтіреді, және оған ешкім ешқандай таблеткалар берген жоқ дейді. Адвокаттың журнал редакциясына жазған хатында, Мұхтар Әлиев елшілікке өзі келіп, ертесіне Қазақстанға ұшып кетуі үшін түнеп шығуға рұқсат сұрады деп айтылады. Оның келгені туралы дипмиссия қызметкерлері Венаның бас прокуратурасы мен полициясына хабарлаған. Австрия астанасының құқық қорғау орган өкілдері сол күні-ақ елшілікте болып және академиктің жағдайына өздерінің көзін жеткізіп кеткен. Дәрігер Әлиевтің жағдайының жақсылығын атап, осыған қатысты тиісті анықтама берген.     
Вильгельм Кладтың айтуынша, қазақстандық дипломаттар Мұхтар Әлиевті елге оралуға үгіттемеген, ол аз десеңіз – оған қызымен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастырған. Оған Гулшат Хорани келген соң, Әлиев елшілікті тастап кету туралы шешім қабылдаған.      
«Время» газетінің тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында В. Кладе, хатта жазылғандардың барлығы таза шындық екенін растады. Одан басқа ол, өткен жұмада оның «Профиль» журналының басшыларымен кездесуі болғанын хабарлады
«Бізбен кездесу кезінде «Профиль» өкілі оларда тек бір жақтың – Рахат Әлиев жағынан ғана ақпарат болып, біздің жақтан болмағанын айтты. Сондықтан олар мақаланы тек оның сөзі негізінде жазған. Кездесу кезінде мен өзімдегі құжаттарды көрсеттім», - деп, айтып берді адвокат, «Время» газетінің редакциясына. Сонымен қатар ол, егер тексерілмеген ақпаратты жариялау оқиғасы қайталанған жағдайда дипмиссия сот органдарына шағымдануы мүмкіндігін қоса айтты.
Газет, екі апта алдын ҚР сыртқы істер министрлік өкілдері, 4 мамырда Мұхтар Әлиев өз баласынан қашып кетіп, ҚР елшілігіне елге қайтуға көмектесу туралы өтініш жасады деп хабарлағанын еске салады. Бірақ кейін, үлкен Әлиев ешқайда ұшып кетпегені, оны Венадағы елшіліктен қызы – Гүлшат Хорани (Әлиева) алып кеткені анықталды. Келесі күні көптеген шет ел және қазақстандық басылымдарда Рахат Әлиевпен сұхбат жарияланды. Онда ол қазақстандық арнайы қызмет оның әкесін ұрлап әкетіп, Қазақстанға қайтаруға әрекеттенді деген тұжырым айтады. Мұхтар Әлиев, «балам бірнеше ай бойы мені қамауда ұстап отыр» деген хатты, Қазақстанның Австриядағы экс-елшінің айтуынша, әкесі елшілікте берген қандай да таблеткалардың әсерімен жазған. Австриялық «Профиль» журналы, ҚР елшілігінің хабарлауы бойынша шындыққа жанаспайды деген осы болжамды жариялаған.

0 пікір