Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 1371 1 пікір 30 Наурыз, 2023 сағат 15:47

«Мұнай саласында істейтіндердің бәрін бірден жұмысқа орналастыру мүмкін емес»

 

 

27 наурызда басталған Қарақия ауданы, Жетібай ауылы (50-ге жуық адам) жұмыссыз тұрғындарының заңсыз әрекеті жалғасуда.

29 наурыздан бастап «Е-otinish» порталы арқылы аштық жариялау түріндегі наразылық акциясына барлығы 13 өтініш түсті.

Қазіргі уақытта өтініштер уәкілетті мемлекеттік органдарда қаралуда. Айта кетейік, тамақтанудан бас тарту арқылы акция өткізу қолданыстағы заңнамамен реттелмейді.

Өз кезегінде Қарақия ауданының әкімдігі облыс әкімдігінің басқармалары, аудан прокуратурасы және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, наразылық білдірген жұмыссыздарға түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ең алдымен, Қарақия ауданының әкімдігі барлық жұмыссыздың бірден мұнай саласында жұмыс істеуі мүмкін еместігіне, жұмыссыздар әкімдік ұсынған жұмыс орындарынан бас тартатынына назар аудартқысы келеді.

Сондай-ақ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-нан бос жұмыс орындарын бөлуде жұмыссыздар тарапы «70-те 30», яғни Жетібай кентінің тұрғындары 70 пайызына, ал қалған 30 пайызы Қарақия ауданының басқа ауылдарындағы және облыстың басқа аудандарындағы жұмыссыздарға беру талабы қойылған. Қойылған талапты басқа ауыл, аудан тұрғындарына негізсіз деп санаймыз. Бұл ретте Қарақия ауданының Құрық ауылы мен Маңғыстау облысының жұмыссыз тұрғындары бос жұмыс орындарын бөлуде әділеттілікті талап етуде.

Қазіргі уақытта наразылық білдірушілер мемлекеттік органдардың түсіндіріп жатқан айқын және объективті фактілерін қабылдаудан бас тартып отыр. Жиналғандар "мұнай саласында жұмыс істеймін" дегендердің барлығын бірден жұмысқа орналастыру мүмкін емес, басқа салаларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін пайдалану қажет деген шындықты қабылдауы қажет.

Барлық мәселе конструктивті диалог арқылы, қолданыстағы заңнама аясында шешілуі тиіс.

Сондай-ақ Қарақия ауданының әкімдігі наразылық білдірушілерге заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда заңда белгіленген жауапкершілікті ескертеді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269