Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4322 0 пікір 16 Сәуір, 2013 сағат 09:13

Қазіргі кездегі ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуы

17 сәуір 2013 жыл сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде «Қазақ университеті» газетінің 65 жылдық мерейтойына орай, «Қазырғы кездегі ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел барысында әр жылдары «Қазақ университеті» газетінде бас редакторлық еткен журналистер, жазушылар және Бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, тілшілері, журналистика факультеті оқытушы-профессорлар құрамы «Қазақ университеті» газетінің қалыптасу кезеңдерінен баяндама жасап,  «Қазіргі кездегі ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуы» тақырыбында ой бөліседі деп күтілуде.

«Қазақ университеті» газеті 1948 жылдың 20 сәуірінен жарық көретін әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің төл басылымы.

Газетте әр жылдары: филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шериаздан Елеукенов, жазушы-журналист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әбілфайыз Ыдырысов,   сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы, фантаст-жазушы, профессор Абдул-Хамит Мархабаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәкен Қамзин,  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ  Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, алаштанушы-ғалым Сақ Қайрат және тағы басқа ғалымдар басы редакторлық еткен.

Ұлттық университеттің тыныс-тіршілігін, оқытушы-профессорлар, ғалымдардың, студенттердің шығармашылығын насихаттап, оқырманмен қауыштырып отырған «Қазақ университеті» басылымы 2012 жылдан бері апта сайын жарық көріп, бет саны көбейіп, форматы өзгерген.

Өтетін орны: әл-Фараби, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залы.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

377-31-48

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1008
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2550
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 704
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675