Жексенбі, 24 Қараша 2024
1339 2 пікір 3 Сәуір, 2023 сағат 13:53

Боқаевтың дерегі: Партиялар үгіт-насихатқа қанша ақша жұмсады?

Қоғам қайраткері және кәсіпкер Санжар Боқаев сайлауалды үгіт-насихат науқанына партиялар қанша ақша жұмсағанын есептеп көрді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына жұмсаған шығындары туралы мәліметтерді әлеуметтік желілерде жариялады.

"Аманат" партиясы – 1 049 996 000 теңге.

“Ауыл” – 784 503 200 теңге;

“Республика” – 677 403 000 теңге;

ҚХП – 499 167 200 теңге;

“Байтақ” 77 225 100 теңге;

“Ақ жол” – 647 714 800 теңге;

ЖСДП – 329 800 000 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, ОСК мәліметтері бойынша өткен сайлауда "Аманат" партиясы 52%-дан астам дауыс жинады. Парламент Мәжілісіне барлығы алты партия өтті. Шекті дауыс жинай алмаған "Байтақ" төменгі палатаға өте алмады.

Бұған дейін Алматыда  "Халық парламенті" құрылғаны хабарланған болатын. Оның құрамына Санжар Боқаев, Лұқпан Ахмедьяров, Инга Иманбай, Динара Егеубаева, Мұхтар Тайжан, Әсет Матаев, Арайлым Назарова және басқа да бір мандатты округтер бойынша бұрынғы кандидаттар кірді.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570