Жексенбі, 24 Қараша 2024
2361 16 пікір 3 Сәуір, 2023 сағат 14:59

Депутат: «Ескі Қазақстанның мемлекетке қарсы заговоры!»

«Серік Күдебаевтың Қазақстаннан қашып кетуі, «Ескі Қазақстанның» мемлекетке қарсы заговоры!», деп мәлімдеме жасады Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.

«Мұндай «тұтқиыл қашуды» ІІМ, шекара қызметі өкілдерінсіз ұйымдастыру мүмкін емес.

Бұл эксцесс жіті тексеріліп, кінәлілер жауапқа тартылып, Серік Күдербаев Қазақстанға экстрадиция жасалуы тиіс. Бұл мәселе Мәжіліс депутаттары бақылауында болады»,-деп жазды депутат өзінің Facebook парақшасында.

Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды. Оның 23 наурыз күні Бішкек қаласындағы Манас халықаралық әуежайынан Түркияның Ыстамбұл қаласына қашып кеткені белгілі болды. Бұған дейін Күдебаевтың соты бірнеше рет шегеріліп келген. Осыған орай сот оны мәжбүрлі түрде сот залына әкелуге қаулы шығарған.

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған.

Сот талқылауы барысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

 

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564