Жексенбі, 24 Қараша 2024
1480 1 пікір 4 Сәуір, 2023 сағат 10:32

Алматы – ШЫҰ-ның мәдени астанасы болып бекітілді

Алматы қаласы 2023-2024 жылдар аралығындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мәдени және туристік астанасы болып таңдалды.  Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кеңесінде министр Асхат Оралов Алматы қаласына ШЫҰ-ның 2023-2024 жылдарға мәдени және туристік астанасы мәртебесін беру туралы мәселені көтерді.

«Мен Кейн мырзаға және барлық қатысушыларға біздің бастамамызды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бүгінгі таңда біз Алматы қаласында 14 іс-шараны көздейтін жоспар әзірледік. Бұл халықаралық туристік және мәдени фестивальдар, сондай-ақ марафондар. Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы да ауқымды мәдени бағдарламамен сүйемелденетін болады. ШЫҰ елдерімен барлық салада, оның ішінде туризм бағыты бойынша да ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады. Алматының мәдени және туристік астана ретінде бекітілуі туризм саласындағы көрсеткіштерді жақсартады. Баршаңызды Қазақстанға келіп, еліміздің көрікті жерлерімен және мәдениет саласындағы жұмысымыздың нәтижелерімен танысуға шақырамын», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. Асхат Оралов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы 15 шілдеде Шанхай қаласында Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572