Жексенбі, 24 Қараша 2024
1501 5 пікір 4 Сәуір, 2023 сағат 11:27

Смайылов жанар-жанармай бағасы туралы: «Бізде басқа амал жол»

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жанар-жағармай бағасына қатысты мәлімдеме жасады.

«Кеше Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармай бағасының өсетінін мәлімдеді. Осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Яғни, бағаны қайта қарамасақ, онда жақында мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз. Бізде дизель отынын қолдану жылына бір адамға 300 литрден келеді. Ал Ресейде бұл көрсеткіш - 225 литр, Қырғызстанда - 90 және Өзбекстанда - 44 литр. Мемлекет жанар-жағармай өндірісін ұлғайту бойынша тиісті шаралар қабылдауда. Соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, ал дизель отыны 33 пайызға өсті», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасай тұрып.

Оның айтуынша, мұнай компаниялары жоғары қарқынмен жұмыс істеп жатыр.

«Дегенмен жанар-жағармай нарығында тапшылық мәселесі азаяр емес. Қазақстандық арзан жанар-жағармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр. Осылайша отандық арзан жанар-жағармай өзіміздің мүддесіне емес, көрші мемлекеттердің экономикасына жұмыс істеп отыр», - дейді Прьемер-Министр.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572