Жексенбі, 25 Мамыр 2025
1821 2 пікір 5 Сәуір, 2023 сағат 12:06

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жаңа басшы келді

Асхат Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары;

2019 жылдың қаңтар-шілде айлары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;

2019-2021 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы;

2021-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы.

2022 жылы 7 наурыздан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары жұмыстарын атқарған.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2883
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4619