Жексенбі, 24 Қараша 2024
2284 13 пікір 6 Сәуір, 2023 сағат 11:53

Қоғам белсендісі: «Қарақат Әбденге петиция жариялаймын»

Белсенді Дина Таңсәрі Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденді қызметінен кетуі керек деп санайды.

Ол депуттаттың «шетелдіктермен шаңырақ көтергендерге салық салу керек» деген ұсынысының «ұлттық кемсітушілік» екенін айтып, адам құқығын бұзу болып саналатынын жеткізді. Дина Таңсәрі Қарақат Әбденді мандатынан айыру үшін петиция жарияламақ.

«Грузинге тұрмысқа шыққан қыздың анасы ретінде айтарым, мұндай ұсыныс айтқан адамдарды сотқа беру керек! Бұл ұлттық кемсітушілік! Мен құрметтей алмайтын ханым адам құқықтары туралы бір нәрсе біле ме екен?

Мен петиция құрып, ел Конституциясын бұзғаны үшін оны Қазақстан Парламентінен шығаруды талап етемін!»,- деп жазды берсенді әлеуметтік парақшасында.

Бұған дейін Қарақат Әбден «шетелдіктермен некеге тұрғандарға салық енгізу» туралы ойын Мәжіліс отырысында көтеруге дайын екенін айтқан.

«Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын.Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де көтеру керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Сөзсіз енгізу керек» – деді ол.

 

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570