Жексенбі, 24 Қараша 2024
1397 0 пікір 6 Сәуір, 2023 сағат 13:34

Заң бұзған Kazakhmys Energy 3 млн теңге айыппұл төледі

Kazakhmys Energy компаниясы заң бұзғаны үшін 3 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп, құрамына «Жезқазған ЖЭО» және «Балқаш ЖЭО» кіретін «Kazakhmys Energy» ЖШС-да өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы талаптардың сақталуына тексеру жүргізді.

«Тексеру барысында техникалық монометрлер, қысым датчиктері сияқты тексеру мерзімі өткен 40 өлшем бірлігін қолдану анықталды. Тексерілмеген өлшеу құралдарын қолдану «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның 19-бабының 1-тармағын бұзу болып табылады. Ұлытау облысы прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. «Kazakhmys Energy» ЖШС құқық бұзушылық жасау фактісін мойындауына байланысты ӘҚБтК 811-бабына сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 800 АЕК - 2 760 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп жазды ведомстводан.

Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді. «Kazakhmys Energy» ЖШС қатысты заңның бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы жеке ұсыныс шығарылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572