Мұхамедиұлының соты 17 сәуірде өтеді
ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі Астана қаласының Байқоңыр аудандық сотында қаралады.
«Байқоңыр аудандық №2 соты бюджет қаражатын талан-таражға салу айыбы тағылған А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А. Садуақасованы айыптау бойынша қылмыстық істі өндіріске алды. Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы ашық сот отырысында 2023 жылғы 17 сәуір күні сағат 10:00-ге белгіленген», - делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, 2022 жылғы 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.
Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылдың шілдесінде музей директоры болды. Оған дейін бес жыл мәдениет және спорт министрлігін басқарған.
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың сомасы 7 миллиард теңгені құраған.
Abai.kz