Жексенбі, 24 Қараша 2024
2059 1 пікір 7 Сәуір, 2023 сағат 12:20

Құтқарушылар 48 жасында зейнетке шықпақ

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында құтқарушылардың зейнет жасы төмендейтінін мәлім етті.

«Құтқарушылардың зейнет жасына келсек, қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге құтқарушыларды азаматтық қызметшілер санатынан азаматтық қорғаныс санатына өткізу мәселесін пысықтап жатыр»,- делінген жауапта.

Айтуынша, осының арқасында құтқарушылардың зейнетке шығу жасы қысқармақ.

«Аталған өзгеріс құтқарушыларды әлеуметтік кепілдендіру шараларын жетілдіреді. Оның ішінде еңбек өтілі бойынша (25 жыл) немесе шекті жасқа (48 жас) жетуіне байланысты зейнетке шығуға құқық береді. Сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкерлеріне берілетін өзге де жеңілдіктер ұсынылады», - деп жазады Премьер-Министр.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568