Жұма, 2 Қазан 2026
4038 4 пікір 7 Сәуір, 2023 сағат 12:46

Қандастар қай өңірлерге қоныстанады?

Биыл қандастар мен қоныс аударушыларды қабыладайтын өңірлер анықталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сай, биыл қандастар еліміздің мына 8 облысына қоныстандырылады:

Ақмола облысы; Атырау облысы; Шығыс Қазақстан облысы; Батыс Қазақстан облысы; Қостанай облысы; Павлодар облысы; Солтүстік Қазақстан облысы; Абай облысы.

Ал, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларды мына 8 өңір қабылдайды: Шығыс Қазақстан облысы; Қостанай облысы; Павлодар облысы; Солтүстік Қазақстан облысы; Қарағанды облысы; Ақмола облысы; Абай облысы; Ұлытау облысы.

Ашық НҚА порталында жарияланған министрлік бұйрығы 21 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.

Айта кетейік, былтыр елге оралатын қандастар солтүстіктегі 5 облысқа қоныстанған болатын.

Сонымен қатар, биыл қандастарды қабылдау квотасының саны өсті.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 481
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 722