Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1212 1 пікір 7 Сәуір, 2023 сағат 20:12

Алматы облысына дизель отынының қосымша көлемі жіберіледі – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Petrosun» АҚ, АЖҚС ірі желілері («Helios», «Газпромнефть-Қазақстан», «PetroRetail» және «Sinooil») өкілдерінің қатысуымен Алматы облысын жанар-жағармай материалдарымен іркіліссіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

7 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысы бойынша дизель отынының қоры 11 мың тоннадан асады. АЖҚС желілерінің өкілдері атап өткендей, оларда бар дизель отынының қоры халықты іркіліссіз қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Сонымен қатар АЖҚС желілерінің ақпараты бойынша дизель отынына сұраныстың артуы байқалады (30%-дан астам), соның салдарынан кейбір жанармай құю бекеттерінде отынның тәуліктік көлемі тез таусылуда. Шымкент МӨЗ жөндеуге тоқтауына байланысты өңірге мұнай өнімдерін жеткізу бойынша шектеулер болды.
Сондықтан желілер басшылығы отынды көп тұтынатын аудандарға тиеп-жөнелтуді арттыру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар Атырау МӨЗ және Павлодар МГХЗ-дан 5000 тонна отын жолда бара жатыр. ҚТЖ ЖЖМ-ды уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді.

7 сәуірде мұнай өнімдерін өндіру басталған Шымкент МӨЗ-де жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Өнімнің бірінші партиясы демалыс күндері жөнелтіледі деп жоспарлануда. Бұл ретте Алматы облысын қоса алғанда, оңтүстік өңірлерге бірінші кезекте жөнелту қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қосымша 3 мың тонна дизель отыны бөлінетін болады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572