Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
2234 1 пікір 10 Сәуір, 2023 сағат 11:33

Пияз экспортына қайта рұқсат берілді

Қазақстаннан пияз шығаруға салынған тыйым алынып тасталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

«Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауарларды әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 тоннадан аспайды», - делінген хабарламада.

8 сәуірден 28 сәуірге дейін республика аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттері мен үшінші елдерге пияз әкетуге 20 000 тонна мөлшерінде сандық шектеулер (квоталар) енгізілді.

Еске сала кетсек, Қазақстан 28 қаңтардан бастап пияз экспорттауға үш айға тыйым салған еді. Ал наурыз айының басында қазақстандық шаруалар қоймалардағы пияз шіріп жатқанына шағымданып, тыйымды алып тастауды сұрады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 423
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1571
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 395
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 372