Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
2477 1 пікір 10 Сәуір, 2023 сағат 11:43

Тағы екі спортшы допинг дауына ілікті

Қазақстан атынан жарыстарғы қатысушы  кениялық жеңіл атлет Нора Джеруто мен бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев допинг қолданды деп айыпталып, жарыстарға қатысудан уақытша шеттетілді.

Боксшының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, Саматәлі Төлтаев дәрумен ішіп жүрмін деп ойлаған.

«Командаға қосылған соң дәрігерлер мен ғылыми кешен тобының мүшелерін жинап, жұмыс бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертеді. Тіпті көшеден су ішпесін деп айтамыз. Ал Саматәлі достары мен туыстарының кеңесі бойынша дәрумен ішеді деп ойлаған. Бүгін одан сынама алынады. Барлығын халықаралық комиссия шешеді. Қазір үйіне қайтардық, жаттығуларға қатыспайды. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында», – деді ол.

Ал Джерутоға қатысты Athletics Integrity Unit ұйымы тексеріс бастаған. Егер спортшылардың допинг қолданғаны расталса, белгілі мерзімге спорттан  шеттетіледі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 416
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1509
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 388
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 364