Жұма, 2 Қазан 2026
2671 1 пікір 13 Сәуір, 2023 сағат 15:25

Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинағы 15 трлн теңгеден асты

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылар жинағының жалпы сомасы 15,1 трлн теңгеге жетті.

Ranking.kz порталының дерегінше, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі бірден 11,4 пайызға немесе 1,5 трлн теңгеге өсті. Көрсеткіштің өсуі жарналар түріндегі кіріс ағындары, сондай-ақ инвестициялық кіріс есебінен қалыптасты.

Жинақтардың өсуі жарналардың барлық түрлері бойынша байқалады. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақ көлемі 11,1 пайызға артып, 14,7 трлн теңгеге жетті. Бұл қазақстандықтардың барлық жинақтарының 97 пайызын құрайды.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары бір жылда 21 пайызға артып, 466,4 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте ең көп өсім (2 еседен астам) 3,8 млрд теңгені құраған ерікті зейнетақы жарналары болды.

Өңірлер бойынша зейнетақы жинақтарының ең көп мөлшері Алматыда - 2,8 трлн теңге немесе республикадағы жалпы көлемнің 18,5 пайызы. Одан кейін Астана - 1,4 трлн теңге. Үздік үштікті Қарағанды облысы түйіндеді - 1,2 трлн теңге.

Зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша көш бастаған бес аймаққа Шымкент (1,2 трлн теңге) қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы (832,5 млрд теңге) да кірді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 313
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 335
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 436