Жексенбі, 24 Қараша 2024
1383 0 пікір 17 Сәуір, 2023 сағат 11:20

Мұхамедиұлына қатысты басты сот отырысы басталды

Былтыр мамыр айында қамауға алынған Арыстан Мұхамедиұлын 28 мамырда сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әлем мұражайлары бойынша алтын адам шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде 146 миллион теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегіне қатысты ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді бастады.

Шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі өкілдері ұлттық музейдің бұрынғы басшылығына және басқа да адамдарға қатысты 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда нысандарды танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген нысандардың 3D-модельдерін құру» жобасын іске асыру кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ресми деректер бойынша, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллиард теңге болады.

Биыл қаңтарда бұл іске қатысты жаңа деректер ашылып, ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразханның да тұтқындалғаны белгілі болды. Ал биыл ақпан айында Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылған.

Сот отырысы Астана қаласында Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысады.

«Бүгін сотталушы ауа райына байланысты онлайн қатысады, кейін офлайн режимде қатысады», – деді судья Б. Ыдырысов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618