Жексенбі, 24 Қараша 2024
Масқара! 1894 8 пікір 18 Сәуір, 2023 сағат 13:04

Әскердегі өлім-жітім: Кейінгі 3 жылда 270 әскери қызметші көз жұмды

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиевтің берген мәліметі бойынша, 2020 жылдан бері елімізде 270 әскери қызметші қайтыс болған. 2020 жылы – 78, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85 және 2023 жылдың басынан бастап – 11 әскери қызметші көз жұмған.

«Олардың 36 пайызы дерттен, 24 пайызы жол-көлік оқиғасынан қаза тапса, 20 пайызы өзін-өзі өлтіргендер.

Әскердегі суицид бәрімізді алаңдатады. Суицид профилактикасын талдау нәтижесі әскеріміздің қоғамның бір бөлігі ретінде жағымсыз жағдайға тәуекелі барын көрсетті. Әртүрлі мәліметтер бойынша, Қазақстан суицид деңгейінен әлемнің 20 елінің қатарында тұр, оның ішінде жасөспірімдер суициді бойынша үштікте», - деді ол.

Құқықтық статистика комитетінің ресми деректеріне сай  2018-2022 жылдары елде 17 631 суицид фактісі, 21 332 өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі тіркелген. Сонда 10 мың азаматтың 9-ы суицид жасап, 11-і суицид әрекетін жасайды.

«Оның ішінде 86 суицид пен 20 суицид жасауға оқталу әрекеті әскерде кездеседі. 10 мың әскери қызметшінің 6 –ы суицид жасайды, 1-і өзін-өзі өлтіруге тырысады. Демек, қоғамдағы өз-өзіне қол салу көбінесе әскерде болады деген пікір ресми мәліметтермен расталмай отыр», - деп түйіндеді Мақсат Қазиев.

 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608