Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2012 0 пікір 18 Сәуір, 2023 сағат 15:29

Қазақстанда бидай қымбаттады

Елімізде 3-класты бидай бағасы тоннасына 91 мың теңгеге дейін өсті. 2-класты бидайдың құны 93 мың 200 теңге, 1-класты бидайдың құны 95 мың 500 теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«АПК Новостидің» жазуынша, 3-класты бидай бір апта ішінде 1500 теңгеге қымбаттады: 10 сәуірде 1 тоннасы 89500 теңге тұрса, 18 сәуірде 91000 теңге болды. Айта кету керек, 8 сәуірде оның құны 87500 теңге болған, ал одан бұрын –  29 наурыздан 4 сәуірге дейін 85500 теңге деңгейінде сақталды.

2-класты бидай 1200 теңгеге қымбаттады және қазір 1 тоннасы 93200 теңге тұрады. 1-класты бидай бағасы 1000 теңгеге өсті – бүгін оның 1 тоннасы 95500 теңгеге сатылып жатыр.

Айта кетейік, бір апта бұрын Қазақстан билігі  Ресейдің арзан астығын елге автокөлікпен әкелуге алты айға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл жергілікті фермерлер үшін бидай бағасын көтеру мақсатында жасалды. Хабарланғандай, өткен аптада қатты сұрыпты сапалы бидайдың 1 тоннасы үшін 87 мың теңге ұсынылды. Қоймаларда ондаған мың тонна астық жатқанына қарамастан, фермерлер өнімді сатуға асықпады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4935
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131