Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Билік 2866 1 пікір 20 Сәуір, 2023 сағат 19:19

Жаңаөзен: Қызметкерлер мәлімдеген шағымдар жеке қаралады

Бүгін Жаңаөзенде қаланың мұнай өндіруші және мұнай сервис кәсіпорындарының қызметін талдау мақсатында «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінен құрылған арнайы жұмыс тобы өз жұмысына кіріседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрамына 33 маман кірген топқа ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов жетекшілік етеді.

Кеше ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Астанада арнайы топ қатысушыларымен кездесу өткізді. Оларға қаланың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізу, жұмысшылардың еңбек жағдайымен, сатып алу қызметімен және кәсіпорындар жұмысының басқа да тұстарымен танысу міндеттері қойылды. Жергілікті компаниялар қызметкерлерінің келісімшарт талаптарының бұзылғаны жөніндегі шағымдары, соның ішінде Астанада өткен арнайы комиссия жұмысы кезінде «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері мәлімдеген шағымдар жеке қаралатын болады, - делінген ҚМГ таратқан хабарламада.
Бұдан басқа, кәсіпорындардың қызмет түрлерін сатып алу рәсімдерінде сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау мен жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Жұмыс комиссиясы ұсынған талдау қорытындысы бойынша экономикалық және әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелерді шешуге арналған іс-қимыл жоспары жасақталады.

 

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1232
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2759
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837