Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6364 0 пікір 30 Сәуір, 2013 сағат 10:05

Алаш жолын қуған «Ақжол» «Георгий лентасын» тегін таратады

3 мамыр күні Алматыдағы  Астана алаңындағы Мәншүк Мәметова пен Әлия Молдағұлова ескерткішінің жанында «Ақжол» демократиялық партиясы «Ардагерлерге тағзым» атты іс-шара өткізеді.  Шара барысында «Георгиев лентасы» тегін таратылады.

Георгий лентасы туралы анықтама

1806 жылы орыс армиясына Георгий марапат жалаулары енгізілді. Жалаудың басында Георгий кресті бейнеленіп, оның жоғарғы жағына қара және сары түсті Георгий лентасы байланды.

1878 жылдан бастап бұл лента «Георгий лентасы» аталды. Христиан дінінің сенімі бойынша қасиетті саналатын Георгий атындағы медаль, орден, жалаушалар 1917 жылдан бастап совет өкіметі аумағында бірде бір рет қолданылмаған. 1992 жылы Ресей қасиетті Георгий орденін қайта қалпына келтірді.

Арман Исмаилов, «Ақжол» партиясы Алматы филиалының ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі:

- Іс-шараның мақсаты - жаңағы, Алматы қаласының тұрғындары, жастар, өсиет ретінде, үлгі ретінде мына Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге, көзі тірі, қайтыс болып кеткен ардагерлерге тағзым ету. Өйткені, ол кісілердің жеңісі болмаса, ерлігі болмаса, жігері болмаса бүгінгі Қазақстан осындай түрде болатын ба еді, ол екіталай сұрақ.

Сол себептенде жеңіс күніне орай, Алматы қаласында ғана емес, бүкіл біздің филиалдарымыз жұмыс істеп, осындай ленточкаларды таратамыз.

Бұл ленточканың қалай болса да, сол кезде біздің қатысқан аталарымызға  бұл ленточкалар өте құрметті болған. Сондықтан бұл Ұлы Отан соғысы ардагерлері сенімінің бір символы деп білеміз!

Мынаны қараңыз, тарихқа жүгінетін болсақ, алысқа бармай-ақ, жақындағы Украина, жақындағы Грузия бұрынғы ТМД елдерінен шыққан мемлекеттер, Балтық елдері тарихты қайталап, бұрмалап жазып жатыр. Ұлы Отан соғысы туралы қайтадан бұрмалап жазып жатыр. Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдардың жолы бір бөлек, Алаш зиялы қауымының жолы бір бөлек. Сол себептен де біздің мақсат бірге алып жүру.

Біз Алаштың жолын ұстанып, «Алаштың ақ жолы»атты байқау өткізіп жатырмыз.

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі:

- «Георгий лентасы» - Ресейдің әскери символы ретінде қолданылады. «Георгий лентасы» десе, біздің есімізге бірден казактар түседі. Себебі, казактар осы Георгий орден, медалдарымен марапатталып отырған. Ал, казактардың қазаққа не істегені, олардың тарихын біз өте жақсы білеміз. Сондықтан бұл - қате саяси іс-шара.

Осыдан екі жыл бұрын «Георгий лентасын» тарату шарасы Көкшетауда да болған. Ол іске «Ұлт тағдырының» жергілікті өкілдері араласып, әкімшілікке айтып жүріп, әрең тоқтатқан еді.

Бұл - мемлекеттік идеологияда да бар қате. Ал, осындай бастаманың Алаш жолындамыз деген партиядан шығып отырғанына таң қалып тұрмын. Мұндай істі Бунаков, Захаров сияқты казактардан күтуге болады. Олардың бастамасын қолдағандар біз үшін Ресейдің империялық саясатына қолшоқпар болып жүргендер болып қабылданар еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036