Жексенбі, 24 Қараша 2024
1401 0 пікір 21 Сәуір, 2023 сағат 15:59

Алматыда көлік тұрақтарының ақысы өседі

Осы жылдың қыркүйек айында Алматыда автотұрақ бағасын көтеру жоспарда. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

«Биыл автотұрақ орындарын анықтаймыз, аумаққа байланысты тұрақ ақысын көтереміз. Бұл жұмыстарды 1 шілдеге дейін істеп үлгермейміз, бірақ қыркүйектің басында дайын болуы керек», - деді Ерболат Досаев.
Айтуынша, көлік тұрағы үшін төлем орналасқан ауданына байланысты әр түрлі болмақ.

«Мәселен, Алатау, Медеу ауданында, Құлжа тасжолына шыға берісте бір тариф болады делік, ал тарихи орталыққа жақын жерде тарифтер көтеріледі. Қаражат бюджет кірісіне жұмсалады. Автотұрақ, айыппұл мен өсімпұлдан түскен ақшаның бәрі пропорционалды түрде аудандардағы «Халық қатысатын бюджет» жобасына қосымша аударылады», - деп түсіндірді қала әкімі.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572