Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
2790 0 пікір 26 Сәуір, 2023 сағат 10:42

Гүлмира Сатыбалды 8 жылға сотталуы мүмкін

Прокурор олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ол соттан Гүлмира Сатыбалдыны Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі (озбырлық), 28-бабының 3-бөлігі (қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) және 125-бабының 2-бөлігінің 1 және 8-тармақтары (адам ұрлау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануын сұрады.

«Г. Сатыбалдыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігі бойынша мүлкін тәркілеусіз 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді прокурор Азамат Сәрсембаев.

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер: Тұрсын Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева бизнестерін рейдерлік жолмен басып алынғанын айтқан.

Айыпталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар.

Ескеғ сала кетейік, сот талқылауы 14 наурызда басталған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1606
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3221
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1209
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1119