Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2636 0 пікір 3 Мамыр, 2013 сағат 14:52

Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин Британия сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарыБаронессо Саида Варсимен кездесті

Астана, 3 мамыр. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Ұлыбританияның Сыртқы Істер министрінің бірінші орынбасары, Лордтар палатасының мүшесі, баронесса Саида Варсимен кездесуі барысында халықаралық деңгейдегі көптеген мәселелер талқыланды.

Соның ішінде, тараптар аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ерекше назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы халықаралық қауымдастықтың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жасап жатқан әрекетіне Қазақстан мен Елбасының қосып жатқан үлесін айта келіп, Ауғанстанға көмек ретінде біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және гуманитарлық жобаларды сөз етті.

Ұлыбританияның Сыртқы Істер министрінің бірінші орынбасары да осы мәселедегі Қазақстанның ықпалына жоғары баға бере келіп, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен біздің еліміздің әлемдік аренадағы халықаралық жоғары беделіне тоқталды.

Нұрлан Нығматулин мен Саида Варсидің пікірінше, әріптестікті кеңейту, соның ішінде, парламенттер арасындағы ықпалдастықты нығайту  қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелерін ғаламдық деңгейде ілгерлетуге мүмкіндік береді.

Екі жақ бүкіл әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жағдайларын сөз ете келіп, «Болашақ энергиясы» және аймақтық транспорттық инфрақұрылым тақырыптарына жеке көңіл бөлді.

- Біз үшін Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы технологиялар мен инновациялар дамуында, энергетика саласындағы, соның ішінде, таза және қауіпсіз өндіріс құру жолындағы бай тәжірибелері өте маңызды,-деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы мен Ұлыбритания Сыртқы Істер министрінің бірінші орынбасары қазақстандық және британдық парламентшілердің өзара әрекеті алдағы уақытта да екі ел арасындағы түсіністік пен саяси сұхбатты дамытуға бағытталатынына сенім білдірді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435