Зеленский: «НАТО-ға қосылатынымызға сенімді болғымыз келеді»
Украина президенті Владимир Зеленский Халықаралық қылмыстық Гаага сотында сөз сөйледі.
«Бәріміз істеген қылмыстарына жауап беруге келетін басқа Владимирді Гаагада көргіміз келеді. Бірақ ол күн де алыс емес. Біз жеңгенде ол да орындалады», - деді Зеленский.
Наурызда айында Гаага соты Владимир Путин мен Ресейдегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы украиналық балаларды заңсыз депортациялағаны үшін тұтқындауға санкция берген болатын.
Зеленский тек сәуір айының өзінде Ресей Украинаға қатысты 6139 әскери қылмыс жасағанын атап өтті.
«Украина соттары ресейлік басқыншыларды қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға бар күшін салады, алайда тек трибунал ғана оларға тиісті жазасын бере алады»,-деді Украина президенті.
Владимир Зеленский Халықаралық қылмыстық сотқа әділдігі үшін алғыс білдірді және Нидерландыға Украинаға қару-жарақ жеткізгені үшін рахмет айтты.
Сондай-ақ бұл жиында Украинаның НАТО-ға кіруі туралы талқы болды.
«Біз соғыс бітпейінше, НАТО құрамына қосылмайтынымызды білеміз. Бірақ соғыс аяқталған соң ұйымға мүше болатымызға сенімді болғымыз келеді. Сол үшін қандай-да бір нақты уәде болса дейміз»,-деді Украина басшысы.
Зеленский Украинаның іс жүзінде НАТО-ның мүшесі екенін, ендігі кезекте альянсқа заңи түрде қосылуы керектігін айтты.
Нидерланды мен Бельгия басшылары Украинаны қолдауды тоқтатпайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, күні кеше Кремльге дронмен шабуыл жасалып, Сенат сарайы күмбезінің үстінде өртеніп кетті. Мұны Кремль «Украинаның шабуылы» десе, Украина тарапы бұл оқиғаға қатысы жоғын айтты.
Abai.kz