Ақордада әскери атақтар табысталды

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы ерлігімен және еңбегімен дара шыққан бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды.
«Құрметті офицерлер мен сарбаздар! Марапаттарыңыз бен атақ-шендеріңіз құтты болсын! Антқа адал болып, мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін қызмет етейік. Бұл – парыз әрі зор мәртебе», - деді Президент сөзінің соңында.
Отан қорғаушы күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталған тұлғалар тізімі:
I дәрежелі «Даңқ» орденімен
Құсайынов Марат Рақымұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы
II дәрежелі «Даңқ» орденімен
Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің бастығы
Үштаев Қуанышбек Өскенбайұлы Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы
Шалабаев Серік Рысқалиұлы – Батыс Қазақстан облысының прокуроры;
I дәрежелі «Айбын» орденімен
Оразалиев Арман Молдиярұлы – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары;
II дәрежелі «Айбын» орденімен
Әбдіханов Қуат Аманбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің департамент басшысы
Әбдібаев Жандос Нарымбетұлы – Алматы қаласы прокурорының орынбасары
Басшыбаев Мадияр Бекенұлы – Жетісу облысының прокуроры
Дербішев Мұрат Ақынбекұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызметі директорының орынбасары
Жұматаев Тайыр Қайырұлы – Қорғаныс министрлігі 97616 әскери бөлімінің командирі
Ибраева Сәния Хамидқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің қызмет бастығы
Қожықов Серік Елібайұлы – Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» Президенттік полкінің басқарма бастығы
Нұранов Миржан Қайратұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бастығының орынбасары
Нұркельдиев Дастан Смағұлұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқарма бастығының орынбасары
Омаров Асхат Нұрболұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығы
Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы – Астана қаласының прокуроры
Рудковский Денис Иосифович – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары
Тойшыбеков Асқар Тасболатұлы – Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;
III дәрежелі «Айбын» орденімен
Кембаев Әділет Ерікұлы – Ішкі істер министрлігінің «Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ взвод командирінің көмекшісі;
«Құрмет» орденімен
Дүйсекова Әлия Абайқызы – Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары
Омаров Ғалымжан Жұмаханұлы – Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталі бастығының орынбасары;
«Ерлігі үшін» медалімен Байғонақов Азамат Сайранұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5510 әскери бөлімінің штаб бастығы – жасақ командирінің орынбасары
Дәуренқұлов Әділ Еркінұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі – құтқарушысы
Ысқақов Ермек Ержанұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен
Абзалиев Олжас Қайратпекұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы
Дүйсенова Раушан Болатқы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы
Қалқұзов Ербол Өтегенұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы
Қонысбаев Алмас Құдайбергенұлы – Қорғаныс министрлігі 10810 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоны мергендер взводының командирі
Нұғыманов Бақытжан Зейноллаұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі
Омаров Жеңіс Омарұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері
Снадинов Айдос Шынбайұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басқарма бастығының орынбасары.
Abai.kz