Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4467 0 пікір 9 Мамыр, 2013 сағат 18:30

Талқыға түскен пікірлер: Менің Ұлы Отаным - Тәуелсіз Қазақстан!

9 сәуірде «Тағыда сол сұрақ: Бұл «Ұлы Отан» соғысы ма, екінші дүниежүзілік соғыс па?» деген тақырыпты оқырмандардың талқысына ұсынған едік. Тақырып тура бір ай талқыға түсті: 3366 адам қарап, 87 пікір түсті.

Талқыға түскен тақырыпты талқылауға атсалысқан оқырмандарға алғыс айтамыз!

Төменде Талқы-Форумға түскен 87 пікірдің ішінен іріктеліп алынған оқырман ойын ұсынып отырмыз.

Abai.kz

 

 

Дәурен Әбдірамановтан: Кім не десе о десін, фашизммен соғысты Ұлы отан үшін емес, тіпті Алла жолындағы соғыс деп атаса да жарасады. Себебі фашизм шайтанның ілімімен қаруланғандардың сенімі болатын. Сол үшін орынсыз аптыға берген дұрыс емес.

***

Өте дұрыс пікір. Әлемдегі өркениетті елдердің бәрі де ол соғысты екінші дүниежүзілік соғыс деп атайды.Бұл қисынды да. Өйткені бірінші дүниежүзілдік соғыс бар да, екіншісі жоқ. Ол қайда кеткен? Оның үстіне қазір Ресей ол соғыстағы жеңісті біржолата иемденіп алды. Киносында тек қана орыстар. Қазір онда грузин де, армян да, қазақ та, қырғыз да жоқ. Тек қана өздері. Ендеше, біздің "Ұлы Отан соғысы" деп даурығатын ретіміз де жоқ. Тіпті ана 28 панфиловшалр паркіндегі политрук Клочковтың сөздерін оқыңыздар.Сонда мүмкін ақыл кірер.

***

9 сәуірде «Тағыда сол сұрақ: Бұл «Ұлы Отан» соғысы ма, екінші дүниежүзілік соғыс па?» деген тақырыпты оқырмандардың талқысына ұсынған едік. Тақырып тура бір ай талқыға түсті: 3366 адам қарап, 87 пікір түсті.

Талқыға түскен тақырыпты талқылауға атсалысқан оқырмандарға алғыс айтамыз!

Төменде Талқы-Форумға түскен 87 пікірдің ішінен іріктеліп алынған оқырман ойын ұсынып отырмыз.

Abai.kz

 

 

Дәурен Әбдірамановтан: Кім не десе о десін, фашизммен соғысты Ұлы отан үшін емес, тіпті Алла жолындағы соғыс деп атаса да жарасады. Себебі фашизм шайтанның ілімімен қаруланғандардың сенімі болатын. Сол үшін орынсыз аптыға берген дұрыс емес.

***

Өте дұрыс пікір. Әлемдегі өркениетті елдердің бәрі де ол соғысты екінші дүниежүзілік соғыс деп атайды.Бұл қисынды да. Өйткені бірінші дүниежүзілдік соғыс бар да, екіншісі жоқ. Ол қайда кеткен? Оның үстіне қазір Ресей ол соғыстағы жеңісті біржолата иемденіп алды. Киносында тек қана орыстар. Қазір онда грузин де, армян да, қазақ та, қырғыз да жоқ. Тек қана өздері. Ендеше, біздің "Ұлы Отан соғысы" деп даурығатын ретіміз де жоқ. Тіпті ана 28 панфиловшалр паркіндегі политрук Клочковтың сөздерін оқыңыздар.Сонда мүмкін ақыл кірер.

***

Ақиқат жалғыз. "Ұлы Отан соғысы" десек, соның жолында қаза болған 350 мың ата-бабаларымыздың ісін ақтаймыз. Ал "Ұлы Отан соғысы" емес, орыс-неміс соғысы немесе жаһан соғысы десек, біздің мүддеміз емес, айдаладағы біреулер үшін жәйдан-жай, мүмкін ақымақтықпен деген де сөз айтылар "қырылған сорлы қазақ" дейміз. Осы екеуінің бірін таңдаңдар.

***

Соғыс - Алланың адамдарды жазалауы. Соғыста өлгендер - шейіттер. Солдат - бұйрықты орындаушы, "ат!" десе ату керек! Тарихтың дөңгелегін кері айналдыруға да, алға айналдыруға да болмайды. Яғни, Ұлы Отан соғысы! Өйткені Үлкен Отанымыз - СССР, үлкен астанамыз - Мәскеу болғаны ақиқат!

***

Қазіргі тәуелсіздік алғаннан кейінгі сананы сол соғыс кездегі сана,түсінікпен алмастыруға болмайды. Ол кезде жақсы болсын, жаман болсын КСРО шаңырағының астында ортақ елміз деп өмір сүрді. Онсызда келместің кемесіне кезекте тұрған ардагерлердің сезімімен ойнауға болмайды.

***

Әлемдік тарихтағы Бірінші дүниежүзілік соғыс пен біздің "Ұлы Отан соғысы" деп жүргеніміз екі бөлек соғыс емес, екеуі бір соғыс. Сондықтан, оны бөлектеп атау - үйдің ішінен үй тіккенмен бірдей. 5-ші қонақ, ардагерлер дейсің, оларға қазір Сталинді жамандап көрші, таяғын ала ұмтылсын саған. Ал Поляктар, Чехтар, Словактар, Хорваттар, Латвиялықтар, Латыштар, Эстондар, Сербтер, Венгрлер, Македониялық мен Черногориялықтар болса, ол елдердің тарихын оқысақ, біздің әспеттеп жүрген "Ұлы Отан соғымызға" қарғыс пен лағынет айтады. Олар үшін біздің әлдеқандай қылып жүрген "Ұлы Отан соғымыз" - кәдімгі жаулап алу соғысы. Олар өз елдеріндегі "Кеңес жауынгерлеріне орнатылған ескерткіштерді" әлдеқашан қиратып тастаған. Ал фашизмді жеңген біз емес, яғни Кеңестер Одағы емес, Одақтастар жеңді фашизмді. Міне, осылай тарих бәрін орын-орнына қойып берді.

***

Ұлы Отан соғысы деген расында да ызалы, күлкiңдi келтiредi.

***

Совет заманында ұшақ Мәскеудің үстіне таяп, төмендей бастағанда Левитанның дауысы: "Отанымыздың жүрегі - Москва қаласына жақындадық" деп адамның жүрегін тебірентетін дауыспен сұңқылдап қоя беруші еді. Мәскеу жайлы әдемі де, әсерлі сөздер айтатын жолаушыларға. Шынын айтсам, сол кезде адамды бір патриоттық сезім билеп алатын, әлгі сөздер шынымен қанаттандырып жіберетін.

***

Міне, қайда жатыр патриоттық тәрбие деген! Сол заманның идеологиясы да мықты еді-ау! Бізде қазір отаншылдық, патриоттық сезім жоқ. Жастар шөре-шөре боп барады.

***

Ал енді, "Ұлы Отанға" келсек,  тарихты сызып тастай алмаймыз. Ұлы Отан болғаны рас. Қолына қару алып, он сегізге толмаса да соғыстың соңғы жылдары майданға менің әкем де түскен. Алла сақтап, олар майдан даласына жете бергенде Ұлы Жеңіс те жетіпті біздің бағымызға.

***

Орыстарға қараңдаршы, қаршадай баласына дейін: "Великая Русь", "Могучая Россия" деп қақсап тұрады. Біздің қазақтардың кеудесінде сондай сезім өлеусіреп тұрғандай болады ылғи маған.

Қыртымбай

***

"ҰЛЫ ОТАН" 1991 жылы бітті. Россия ғана ол соғысты солай айта алады.

***

Тарихтан өзімізідің болмысымызды қаралықшы. Кешегі тарихың әлі бұлыңғыр, көлеңкесі мен сапырма суы көп. Бүгінгі тарихшыларың жалпылдау намадан басқаны білмейді. 2-ші дүниежүзілік соғыс  болсын да қойсын. Басымызды қатырып жүрген шаруа осы болса, өте қиын да ауыр шаруаға басымызды байлаған екенбіз. Туһ... біраз мәселенің басын шешіп тастағандай болдық - ау. Енді жамбастап жатып, дұрыстап бір шай ішіп алайық.

***

Ұлы Отан соғысына, Ауған соғысына қатыстық деп сол соғыстардың ардагерлері пәтер сұрап, көлік сұрап, жер сұрап, әрқашан өздеріне бәрінің көңіл аударғанын қалап жүреді ғой осы. Әрине, оларды әкімдер беріп жатса ала берсін және менің оларға ешқандай жаман ойым да жоқ. Менің айтпағым, олардың көбісі соғысқа өз еріктерімен барған жоқ, кезінде кеңес үкіметі әскерге барсаң да барасың, бармасаң да барасың деп жібергесін әйтеуір соғысып қайтты ғой. Нағыз ерлік деп мен желтоқсанда өз еріктерімен алаңға шығып сол кездегі жүйеге қарсы шығып қырылып қалған қазақ жастарының ерлігін айтар едім.

Сосын 2 қонақ дұрыс айтып отыр, орыстардың киноларын қарасаң, кілең орыстар соғысып жүр және жай соғысып жүрген жоқ жалғыз орыс барып немістерді қырып тастайды. Әлгілердің киноларын көріп отырып орыстың балаларының патриот болмауы қылмыс сияқты көрінеді. Ал бізде ше? Бәрі керісінше: қазақтың қызы орысқа ғашық болып жатады немесе түріктің артынан жүгіріп жүреді, кілең қазақтың актерлары орысша сөйлеп жүреді немесе орыс қазаққа ақыл айтып, жақсылық жасап жатады. Кино, теледидар дегендер өте құдіретті құрал, қаласа нағыз патриот қылып шығарады, қаламаса нағыз мәңгүрт қылып шығарады. Біздікі әзірге қаламай тұр немесе біреулер қалатпай тұр.

АРЛАН ҚАСҚЫРҰЛЫ

***

Ұлы отан соғысы - деген атау тарихымзда бәрібір "Екінші дүниежүзілік соғыс"  болып жазылатын болады. Өйткені Алла бұйыртса елімізге сыртағы қандастарымыз көптеп келетін болады, сонда ортақ атауға тоқталамыз.

***

1916 жылы 6 млн. болған қазақ коммунистердің жауыздығынан 2 млн. болды. 1941-1945 ж.ж фашизммен қырғында Курск, Ржевск майдандарында ауылдан келген қазақтың 18-19 жасар жігіттерінің астына ат, қолына қылыш беріп, немістің бақайшағына дейін қаруланған әскеріне, танксіне айдап салып өздері солардың артына тығылып қалып жеңіске жеткен орыстың отаны маған ұлы отан соғысы емес. Өзбектер бұл соғысты қаралы күн деп атайды. Біз несіне жетісеміз? Орыстың жері үшін баудай қырылған ата-бабаларымыздың өлігіне мақтанамыз ба? Ұлы отан үшін қанын қиып мерт болған Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы да дұрыстап жерлей де алмаған Ұлы отанның не керегі бар?

***

Ote duris zhazilgan, Khaidagi Otan, II-Duniezhuzilik degen dolar. Osinadi idealogiadan ariluimiz kerek. Khudaiga shukir tauelsiz elmiz! Tauelsiz kozkharas bolui shart. Arine ata-azhelerimiz sol sogista askhan erlik korsetti, makhtanarlikh zhait. Birakh, sol erlik ister aitilmai khalip. kinolarda tek oris khalkhi gana korsitilip zhur.

***

Ұлы Отан соғысы деп атай берейік,онда тұрған не бар. Ал, жарайды, екінші дүниежүзілік соғыс деп атадық. Содан тарихи сана өзгеріп кете қоя ма?! Бірте-бірте Ұлы Отан соғысы деп аталатын соғыс та өзінің мәні мен маңызын жоятыны түсінікті ғой. Ұрпақ 40-жылдардағы соғыс түгіл, 80-жылдардағы желтоқсан оқиғасы мен 90-жылдардағы тәуелсіздік алғанын да ұмытып бара жатырған жоқ па. Қасиетті не қалды дейсің қазір.

***

Мұхтар Мағауин айтады: ...кейін өзіне алты аласы, бес бересі жоқ жаһан (отан деп түсініңіз) соғысында қырғынға ұшырады.

***

orystn kol wokpary bolgan. Mangurt kazaktardy ulyktau tauelsizdik keznde uiat akymaktyk is koi. Kazaktar alide orstn kuramyndagy el sekildy. Bul kindy aza tutu kuni dese bolgandai. Kanwama kazakty orys kyrsada kazaktar orsty ali kunge dein «kokem akem sen bolmasan kunimz karan» deumen keledy. Tipty kaitadan orska kosylip jatyr.

***

Менің Ұлы отаным - Тәуелсіз Қазақстан. Ал, Ұлы Отан соғысы - Ақтаба шұбырынды, Кенесары хан көтерілісі, Ашаршылық, Стандлиндік қуғын, шығыс Түркістандағы азаттығы үшін болған күрес. Басқасы менің отаным, ұлтым үшін болған емес.

***

Отаным бар - менің тілімді менсінбейтін, менің тарихымды ұлықтамайтын, менің төл өнерімді аяқ асты ететін, менің ұрпағымның бойында ұлттық болмыс қалыптастыруға келгенде енжар. Мен сол Отанның ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін білмей жүрген бір қарапайым қазағымын. Менен несін сұрайсың. Маған дұрыс бағыт-бағдар бере алатын жігерлі ұлттың оқығаны да жоқ. Олар сөйлесе де, жазса да менің тілімде ұғынықты етіп сөйлей алмайды, менің тілімде ұғынықты етіп жаза алмайды. Қазақ тілінде сөйленген сөздің бәрі, қазақ тілінде жазылған дүниенің бәрі бірдей - менің тілім емес.

***

Тарихи даталарға сүйенсек,бұл соғыста техника пайдаланғандықтан және бүкіл халықтар араласқандықтан, бұл соғысты Екінші дүние жүзілік соғыс деп түсінуіміз жөн.

***

Бұл қазақ үшiн де, қазақ мемлекетi үшiн Ұлы Отан Соғысы болып қалмақ. Ешкiм тарихты өзгертуге тиiс емес! Ұлы Отан соғысында ерлiк көрсеткен, жанын берген аталарымызды қалай ұмытамыз.

***

Ұлы отан соғысы ол -  екінші дүние жүзілік соғыс!

***

ІІ дүниежүзілік соғыс 1939 жылы басталды. Ал Ұлы отан соғысы 1941-де!

***

Доғарыңдар, бұл бұрыннан тарихта жазылған - Екінші дүние жүзілк соғыс. СССР жоқ! Бықсымаңдар.

***

Қазақтың Ұлы Отан соғысы, арысын айтпағанда берісі, әрі нақтысы ол - Абылай заманындағы жоңғарға қарысы соғыс. Бұл соғыста ұтылғанда, қазір бұл жерде ЖОҢҒАРИЯ мемлекеті өмір сүріп,ҚАЗАҚИЯ жер бетініен жоғалып кеткен болар еді. Енді аталарымыз бен әкелеріміз соғысты екен деп 1941-1945 жылғы соғысты ОТАН соғысы деу ақылға сыймайды.Олардың бәрі өз еріктерімен ол соғысқа барған жоқ. Бірақ зорлықпен барса да олар қазақ халқының қандай жауынгер де, намысты ұлт екенін танытты. Өкінішке орай, СССР қазақтың жауынгер, қаһарман ұлт екенін мойындамады. Қысқасы, аталарымыз бен әкелеріміздің бұл соғыстағы ерен ерліктерін мойындағаныммен, өз басым бұл соғысты ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ деп айта алмаймын. Демек, біздің әкелеріміз ЕКІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК соғысқа қатысқан ҚАҺАРМАНДАР.

ҰЛЫ ҰС-АЛАШ

***

"Ұлы Отан соғысы" - КСРО -ның гитлерлік фашизмге қарсы 1941-1945 жылдары жүргізген соғыстың аты, ол тарихта солай қалады. Сол кездегі соғыстық оқиғаларға байланысты сөз қозғалғанда осы атау қолданылуы заңды. КСРО оның құрамындағы барлық ұлттар мен ұлыстар үшін ортақ Отан болды. Бекер ме? Жоқ. Оған қарсы фашистер соғыс ашқанда, мысалы, қазақтың қатыспауға құқы болды ма? Жоқ. Мұның бәрі замани заңдылық қой. Егер гитлершілдер жеңіп кетсе, біз бүгінгідей сайрап отырар ма едік? Бүгінгідей Қазақстанның өзінде 8 миллион болмақ тұрғай, сол кездегі 4 миллион қазақтың фашистерге сатылғаннан басқалары құрып кетер еді. Осында біреу Балтық халықтарының "Ұлы Отан соғысы" дегенді ауыздарына алмайтынын үлгі ете сөйледі. Гитлердің жоспары әуелі Балтық елдерін, содан соң Финляндияны басып алып, КСРО-ға барар жолын кеңейтуді көздеді. Өйтуіне мүмкіндік бермеу үшін КСРО фин соғысын ашып, Финляндияны КСРО-ға қарсы соғысқа қатыспайтын шарт жасауға көндірді. Дұрыс. Балтық елдерін ондағы озық ойлы қайраткерлермен құпия ақылдасып барып өзіне қаратты. Егер Гитлер Балтықты басып алса, оларға социализм-коммунизм орнатып беретін бе еді? Соны түсінбейтін әсіреұлтшылдары бүгінде фашизмді ақтап сандалып жүр. Неміс фашистерінен қолға түскен кинолента бар, онда адамды айуанға айналдыру жайында ғылыми-биологиялық жұмыстар жүргізген лаборатория және онда жасалған дәріні ішкен адамның далада жан-жағындағы кез келген шөпті малша жеп отырғаны көрсетілген. Ол Гитлердің: «Неміс - асыл халық, дүние жүзінде неміс арийлері ғана болуы керек! Біз жеңген соң басқалар бізге қара жұмысқа ғана қажет құл болуға тиіс, сондықтан оларды адамдық сана-сезімнен айыру керек!» деген нұсқауын іске асырудың бастамасы екен. Сондай сұмдықтардан сақтап қалған соғысты "Ұлы Отан соғысы" деуден ат-тонды ала қашу жөн емес. Бауыржан Момышұлы бастаған Қаһармандарымыздың тірісінің өзін, марқұмының аруағын силау үшін, ағайындар, ол соғысты мансұқтай бермелік! Өйтуге жұмсаған тілді, күш-жігерді бүгінде елімізді, халқымызды тонап жүрген жателдік, өзіміздік жалмауыз миллионерлер мен миллиардерлерге қарсы қимылға жұмсалық! Осылардың сұмдықтарын әшкерелік! Ертеңгі ұрпаққа керек іс істелік!

***

Орыстың тарихын сенсізде 15 жыл оқыдық! Сайрамашы! Құдай үшін! Орыстарғана осылай айтады Ұлы Отан соғысы деп бүкіл ӘЛЕМ ЕКІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗЛІК СОҒЫС деп айтады! Сіздің айтуыңызша орыстар ғана ақылды қалғаны бәрі жарымес деп ойлайсыз ба?! Енді құлаққа лапшаны ілгенді қойсаңдар етті, 70 жыл ілдіңдер емес пе!

***

Өте орынды да, өзекті сұрақ. Шындығында "Ұлы Отан" деген қай отанымыз? Жеке өзім бұл соғысты Қазақстан үшін "ұлы соғыс" деп айта алмаймын, себебі сол кезде Қазақстан соғысқа еріксіз қатысты. Осы соғыста тіпті қазақтарды еріксіз майдан фронтына жіберіп талайын қырып, кейін Кеңес Одағы Батыры атағын әрең берген. Алып қарайтын болсақ, қазақтарды ту тіккенде мойындамаған. Менің ойымша, бұл соғыс қазақ үшін "ұлы Отан " үшін соғыс емес. Бұның орнына, шіркін, үй ішіне үй тіккен Кенесарыны, Амангелдіні,Сырымды, Алаш орда қозғалысының зиялыларын неге айтпасқа?

***

Отан үшін емес, далаға аққан қан. Әрине, ол үшін аталарымызды кіналау орынсыз. Бірақ, шыны солай. Берісі сәбет үшін, шын мәнісінде, орыс үшін желге ұшқан жан. Қазақты қыру жағынан, сәбет пен нацис бірдей. Айырмасы жоқ. Тек құлдық санадағы қазақтар айыра алмағандықтан Коммунизімді тәуір көреді. Иә, соғыстың болғаны рас. Оны бірдеңе деп атау керек болса, "Екінші дүниежүзілік соғыс" дегеннен басқа атау жоқ.

Серік

***

Бұқар Жырау

Құдайды білмес, діні жоқ,

Жамандықта міні жоқ,

Өзі сынды бір кәпір,

Аузы басы жүн кәпір

Жаяулап келер жұртыңа!

Жағалы шекпен кигізіп,

Балды май жағар мұртыңа.

Жебірлерге жем беріп,

Ел қамын айтқан жақсыны

Сөйлетпей, ұрар ұртына.

Бауыздамай ішер қаныңды,

Өлтірмей алар жаныңды,

Қағазға жазар малыңды,

Есепке салар барыңды,

ЕЛІҢДІ алар қолыңнан,

ӘСКЕР қылар ұлыңнан !!!

Бұл айтқаным ,Абылай,

Болмай қоймас артыңнан.

Тексізді төрге шығарып, !!!

Істетер сұмдықты ұйғарып.

Асанның сөзі осылай ........

Басир. Атырау

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407