Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1677 0 пікір 11 Мамыр, 2023 сағат 16:45

Астанада құрылысы бітпеген үй отқа оранды

Астанада өрт сөндірушілер салынып жатқан тұрғын үйді шарпыған жалынды оқшаулады, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

«11 мамыр күні сағат 15.01 шамасында Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелеріне Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысында жаңа ғимараттан қара түтін көрінгені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында битум және сыртқы қаптаманың жанып жатқанын анықтады», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, өрт сағат 15.17-де оқшауланды.

Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, біраз уақыт бұрын Астанада «ORDA INVEST» компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешені өртеніп жатқаны туралы хабарланған.

 

Abai.kz

0 пікір