Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4035 0 пікір 13 Мамыр, 2013 сағат 13:07

Сөз бостандығы жөнiнен Қазақстан 197-орында

Freedom House халық­аралық құқық қорғау ұйы­мы Қазақстанның сөз бостандығы жөнiндегi деңгейi 182 орыннан 197-орынға бiр-ақ түскенiн мәлiмдедi. Жетi бiрдей пункт бойынша тө­менге қарай сырғыған сөз бостандығы бойынша көр­сеткiшiмiз Лаос, Сомали, Вьетнам, Палестина сияқты елдермен теңесiптi.

2012 жылдың қорытындысында   Қазақстан сөз бостандығы шектелген елдердiң қатарынан ойып тұрып орын алды. Бұл қатар­ға Ресей, Беларусь, Тәжiкстан, Өзбекстан, Әзiрбайжан және Түрiкменстан елдерi де кiредi. Көптеген еуропалық мемлекеттерде және АҚШ, Канада, Австралия, Уругвай, Капе-Верде, Тувалу мемлекеттерi сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығының сақталуынан көштiң басын бастап тұр.

Freedom House халық­аралық құқық қорғау ұйы­мы Қазақстанның сөз бостандығы жөнiндегi деңгейi 182 орыннан 197-орынға бiр-ақ түскенiн мәлiмдедi. Жетi бiрдей пункт бойынша тө­менге қарай сырғыған сөз бостандығы бойынша көр­сеткiшiмiз Лаос, Сомали, Вьетнам, Палестина сияқты елдермен теңесiптi.

2012 жылдың қорытындысында   Қазақстан сөз бостандығы шектелген елдердiң қатарынан ойып тұрып орын алды. Бұл қатар­ға Ресей, Беларусь, Тәжiкстан, Өзбекстан, Әзiрбайжан және Түрiкменстан елдерi де кiредi. Көптеген еуропалық мемлекеттерде және АҚШ, Канада, Австралия, Уругвай, Капе-Верде, Тувалу мемлекеттерi сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығының сақталуынан көштiң басын бастап тұр.

Дамыған елу елдiң қатарынан оза шауып, ендi отыздықтың ортасынан көрiнемiз деп тыраштанған қазақ шенеу­нiктерi сөз бостандығы жө­нiндегi 197-орынға не айтар екен? Әйтсе де, бұл сұраққа мардымды жауап болмасын елiмiздегi тәуелсiз басылымдарға жасалған қысымдардан көру қиын емес. "Қазақстан мемлекетi ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы ретiнде халықаралық қауымдас­тыққа берген уәдесiн орындауға тиiс. Адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды дамыту және сақтау мәселе­лерiне қарама-қайшы келетiн билiк тарапынан оппозиция белсендiлерi мен өкiлдерiне, тәуелсiз журналистерге қысым жасау, қудалау проблемалары Қазақстанда толастар емес. Мұның барлығы адам құқығы мен бостандығын көпе-көрнеу шектеу болып табылады",- деп Freedom House ұйымының Еуразия бойынша бағдарламасының директоры Сьюзан Корке де кезiнде сынаған едi. Алайда мұнан шыққан нәтиженi көр­медiк.

Есесiне, күн өткен сайын Қазақстанда тәуелсiз басылымдар мен олардың журналис­терiне қысым артпаса, кемiген емес. Былтырғы жылдың алғаш­қы айы ҰҚК қызметкерлерiнiң тiркелмеген оппозициялық "Алға" партиясының кеңсесiне тiнту жүргiзумен басталғаны елдiң есiнде. Бұл тiнту "Республика" порталында жалғасып, оның ақыры тәуелсiз басылымның таралуына сот шешiмiмен тыйым салуға барды. Сондай-ақ, 2012 жылы "guljan.org" интернет басылымы да қудалауға ұшырап, билiктiң қолшоқпарларының ұйымдастыруымен үш ай мер­зiмге жабылды. Дәл осындай жайттарды "ДАТ" жобасы мен "Жас Алаш" газе­тiне қатысты да айтуға болады. Түрлi желеулермен сотқа тартылатын "Общественная позиция" газетiнiң басындағы қауiптiң бұлты бүгiнге дейiн сейiлген емес. Ал "Жас Алашты" жаздыртуға кедергi жасап, та­ралуы­на тосқауыл қоюшылардың қатары көбеймесе, әлi күнге азаймай отыр. Ауыл-аймақтарда тәуелсiз басылымға қол жеткiзу және жаздырып алып оқу мәселесiнде қысым жасаған билiктiң жандайшаптары үздiксiз жанталаса әрекеттенуде.

«Шекарасыз репортерлер» сөз еркiндiгiн қорғайтын халықаралық ұйымы да өздерiнiң зерттеу жұмыстарының нәти­жесiн жариялады. Олардың тiзiмiнде журналистердiң құқы­ғын бұзған 39 саясаткер, президент, дiни жетекшi, қарулы тұлға мен қылмыстық топтар туралы жан-жақты мәлiмет бе­рiлiптi.

Қазақстандағы "Әдiл сөз" баспасөздi қорғау ұйымының қызметкерi Елена Малыгина Азаттық радиосына берген сұхбатында: "Оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары жабылғалы жағдай нашарлап кеттi. Қазақстан баспасөзiндегi журналистердiң өз-өзiне цензура жасайтын әдетiне ендi соттардың соққысы қосылды. Соттан зәрезап болған журналистер "Қолға қалам алып бiрдеңе жазудың қажетi бар ма өзi?" деп ойлайды. Әлде бәрiмiз "Хабарда" iстегенiмiз жөн бе? Сондықтан бiздегi сөз еркiндiгi шектелген десек болады. Freedom House ұйымы шығаратын картадағы Қазақстанның орны сөз еркiндiгi бар елдердiң қатарында емес. Елiмiз тiптi сөз еркiндiгi сәл де болсын рұқсат етiлген елдердiң қатарында да жоқ. Турасын айтқанда, бiз сөз еркiндiгi бар жолмен дамып келе жатқан жоқпыз. "Республика", "Взгляд", "Правда Казахстана", "guljan.org", "К-плюс", "Стан" және басқа ақпарат ресурстарына тыйым салынуы - осының айғағы",- дедi.

С.МӘДИ

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419