Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 2452 1 пікір 16 Мамыр, 2023 сағат 13:06

Сайлау: 2040 жылды бетке алған Өзбекбасы

Өзбекстан 30 сәуірде референдум өткізгенін бұған дейін жаздық. Конституцияны өзгертуге сайлауға қатысқан ел азаматтарының 90,21 пайызы қолдап дауыс берген. Жаңа конституция президенттің өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту, өлім жазасына тыйым салу, ел азаматын шет мемлекетке экстрадициялауға тыйым салуды қарастырған.

Осынау саяси оқиға былтыр Қазақстанда өткен референдумнан көшіріп алғандай әсерде қалдырады. Президенттердің басшылықта отыру мерзімінде ғана емес, референдумнан соң іле-шала Президент сайлауын өткізуге асығуы да осыны айғақтайды. Бір айырмашылығы, бізде қабылданған норма бойынша Президент бір рет қана басшылық етуге мүмкіндік алса, ал өзбек ағайын бір президент екі рет отырса да хақылы дейді.

Кеше Мирзиеев сайлау жүйесін өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықта Өзбекстан бұдан былай сайлауды пропорцияналды жүйемен емес, аралас жүйемен, яғни, пропорцияналды-мажоритарлы жүйемен өткізеді деп жазылған. Демек, өзбек азаматына сайлауға түсу үшін партия ұсынуы міндет емес.

Өзбекстанда мерзімінен бұрын болатын президент сайлауы 9 шілдеде өтеді. Науқан мамырдың 10-ы күні басталып кетті. Кандиттар 17 мамырдан бастап 1 маусымға дейін ұсынылады.

Өзбекстан экология партиясы атқару кеңесі мамырдың 11-і күні кезектен тыс пленум өткізіп, президенттікке кандидат ұсыну мәселесін талқылады. Нәтижесінде, аталмыш партия басшысы Әбдішүкір Хамзаев сайлауға түсетін болды. 2021 жылы Президент сайлауына қатысып, сайлаушылардың 4,1 пайыз дауысына ие болған экопартияның қазіргі басшысы Мирзиеевтен 16 жас кіші.

Ал Мирзиеевтің өзін бір емес, екі партия ұсынып отыр. 2016 жылдан бері Өзбекстанға басшылық етіп келе жатқан оның кандидатурасын мамырдың 12-сі күні әуелі «Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы» ұсынса, бүгін мұны «Ұлттық қайта жаңғыру» партиясы қолдайтынын мәлім етті. Биліктің бар тармағына өз адамдарын орналастырып үлгерген ол осы сайлауда жеңіске жетсе, 2040 жыл, яғни 83 жасқа дейін жылы орнын суытпайтындай құқыққа ие болады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446