Сенбі, 23 Қараша 2024
1775 1 пікір 16 Мамыр, 2023 сағат 13:15

Ресей: Соғысқа барғандарға азаматтық береміз!

Ресей президенті Владимир Путин 2022 жылғы қыркүйектегі жарлығына өзгерістер енгізілген құжатқа қол қойды. 

Бұл жөнінде РФ президентінің ресми сайтында хабарланған.

Онда Ресей азаматтығын алу жөніндегі өтінішті орыс армиясына қызмет ету жөніндегі келіссөзге барған шетел азаматтары да бере алады. Ол үшін шетел азаматтары "арнайы әскери операция" (Ресей саясаткерлері Украинаға басып кіруін осылай айтады) жүріп жатқан аймақта бір жыл қызмет етуі тиіс.

Қазір Ресейде жұмыс істеп, сол елдің төлқұжатын алған Орталық Азия азаматтарын да Украинаға соғысқа баруға үгіттеп жатыр деген ақпарат жиі кездеседі. Таяуда Ресей думасының депутаты да бұл мәселені көтеріп, оларды армияға жіберу керек деген.

Ресей түрмесіне түскен мигранттарды да "Вагнер" жеке әскери компаниясының Украинаға соғысқа үгіттеп алып жатқаны жайлы БАҚ-та жиі жазылып келеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458