Мемлекеттік сапар 18-20 мамамыр күндері өтеді. Садыр Жапаров ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізіп, мемлекеттік кеңес премьері Ли Цянмен, жалпықытай комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және басқа да лауазымы жоғары шенеуніктермен, кәсіпкерлермен кездеседі.
Бұған қоса, Садыр Жапаров "Қытай - Орталық Азия" саммитіне қатысады.
Қытай төрағасымен нақты қандай мәселелер талқыланатыны хабарланбады. Алайда мұның алдында Орталық Азия елдері президенттерінің қатысуымен, Си Цзиньпиннің төрағалығымен Сианда өтетін саммитте "маңызды саяси құжат" қабылданатыны хабарланған. Бұл құжат "Қытай мен Орталық Азия елдері қарым-қатынасының жаңа жоспарын" айшықтайды.
Жақында Қырғызстан мен Қытай екі ел арасында визасыз жүйе енгізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқаны мәлім болған.
Abai.kz