Сенбі, 23 Қараша 2024
1975 0 пікір 17 Мамыр, 2023 сағат 12:50

Тәжікстан президенті Қытайға жолға шықты

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен Қытайға жолға шықты. Мемлекет басшысы бұл елде "Қытай + Орталық Азия" саммитіне қатысады. Бұл туралы тәжік президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Эмомали Рахмонмен бірге сыртқы істер министрі, президенттің шетелмен байланыс және экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшілері, экономика және сауда министрі, өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі, көлік министрі, сонымен бірге басқа да лауазымы жоғары шенеуніктер еріп барады.

Ресми мәліметтерде Эмомали Рахмон сапарының бағдарламасы туралы ештеңе айтылмайды.

Кейінгі жылдары Қытай Орталық Азия елдерінің, солардың ішінде Тәжікстанның да басты әріптесі әрі инвесторларының біріне айналды. Тәжікстанның сыртқы қарызының көп бөлігі Қытайға тиесілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450