Руслан Бақытов: «Айтылған шындық бiр күнi орнын табады...» (видео)
1-cуретте: Руслан Бақытов отбасымен
2-суретте: Дағыстандық Сослан Асбаров
Биылғы жылдың 30-наурыз бен 4-сәуір аралығында Орал қаласында Тимур Кулибаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтті. Жарысқа Ресейден басым бөлігі дағыстандық жігіттерден тұратын спортшылар келді. Бәсекеде ДағРесей құрамасындағы Сослан Асбаров күміс жүлде жеңіп алады. Кеш бата ұтып алған медалін "жумақ" болған Сослан достарын ертіп "Оскар" түнгі клубына барып тойлайды. Жеңістің буымен масайраған тау халқының жігіттері жергілікті қазақ жігіттеріне ұнамайтын қылықтар көрсетеді. Шын мәнісінде, түнгі клубта ұтып алған медалін жуып, масайрап, ұрынарға қара таппай, қазақ қыздарына тіл тигізіп, құтырған "жігітті" қазақтық намысын қорғап, сабасына түсірген Руслан БАҚЫТОВ деген қазақтың батыр жігіті еді.
Жұдырық жеп есеңгіреп ауруханаға түскен дағыстандықтар арызданып, көп ұзамай Руслан қапасқа қамалды. Қорғаушылардың айтуынша, Руслан бұл іс бойынша көп жылға сотталып кетуі әбден мүмкін. Себебі дағыстандықтар: "Руслан БАҚЫТОВты түрмеде шірітеміз!" - деп, қолдарынан келгендерінің бәрін істеп, тыраштанып жатыр екен.
1-cуретте: Руслан Бақытов отбасымен
2-суретте: Дағыстандық Сослан Асбаров
Биылғы жылдың 30-наурыз бен 4-сәуір аралығында Орал қаласында Тимур Кулибаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтті. Жарысқа Ресейден басым бөлігі дағыстандық жігіттерден тұратын спортшылар келді. Бәсекеде ДағРесей құрамасындағы Сослан Асбаров күміс жүлде жеңіп алады. Кеш бата ұтып алған медалін "жумақ" болған Сослан достарын ертіп "Оскар" түнгі клубына барып тойлайды. Жеңістің буымен масайраған тау халқының жігіттері жергілікті қазақ жігіттеріне ұнамайтын қылықтар көрсетеді. Шын мәнісінде, түнгі клубта ұтып алған медалін жуып, масайрап, ұрынарға қара таппай, қазақ қыздарына тіл тигізіп, құтырған "жігітті" қазақтық намысын қорғап, сабасына түсірген Руслан БАҚЫТОВ деген қазақтың батыр жігіті еді.
Жұдырық жеп есеңгіреп ауруханаға түскен дағыстандықтар арызданып, көп ұзамай Руслан қапасқа қамалды. Қорғаушылардың айтуынша, Руслан бұл іс бойынша көп жылға сотталып кетуі әбден мүмкін. Себебі дағыстандықтар: "Руслан БАҚЫТОВты түрмеде шірітеміз!" - деп, қолдарынан келгендерінің бәрін істеп, тыраштанып жатыр екен.
Біздің зерттеуімізше жанжалдың шығуына "қонақтардың" өздері түрткі болған. Төбелесті көзі көргендердің айтуынша ресейлік боксшыға ешкім жабылмаған. Қонақтардың тым еркінсіп, артық кетіп бара жатқанын көрген жергілікті жігіттер оларға бірнеше мәрте ескерту жасапты. Сөйтіп, намысшыл қазақ жігіті Руслан БАҚЫТОВ жазатайым жазықты болып қалды.
Руслан БАҚЫТОВ - 1974 жылы Қаратөбе елді-мекенінде дүниеге келген қазақтың қарапайым баласы. Жастай әке-шешесінен ерте айырылып, кішкентайынан әжесінің қолында тәрбиеленген. Ол қазіргі заманның қас батыры, ұлтын сүйген ұланы. Оралбек пен Димаш атты ұлдары, Динара атты жары бар.
Руслан - "Қазақ елі" Халықтық қозғалысының белсенді мүшесі.
Біз «ел боламыз» десек, өз елімізді өзгеге сыйлатамыз десек, Руслан БАҚЫТОВтың тағдырынан қалыс қалмауға тиіспіз. Өйткені, «Әр қазақ - менің жалғызым!» - деп жырлаған адуынды ақын Сабыр АДАЙ айтпақшы, әрбір қазақтың тағдырынан - күллі қазақтың тағдыры құралады.
Төменде Руслан БАҚЫТОВтың түрмеде жазған жанайқай өлеңдерін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Пікір қосыңыз, көмек сөзіңізді айтыңыз, жәрдем қолыңызды созыңыз, қазақ баласын қорғаңыз, ағайын!
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,
"Қазақ елі" Халықтық қозғалысының төрағасы
Я, Алла!
Өмiрiмнiң көбi кетiп, азы қалды...
Ойлап едiм «қысы кетiп, жазы қалды».
Кенеттен кездесiп қап бір дағыстан,
Бiр соққы жеп, арсыз арыз жазып салды...
«Лезгин» билеп, қару атып, той тойлаған,
Тау халқын шын намысты деп ойлағам,
Намыс жоқ, жүрек те жоқ, құр кеуде екен,
Көбейсе, жалғыз жанды тек қоймаған.
Күштi сыйлап, батылға бас иедi екен,
«Күнәм жоқ» деп, өп-өтірік күйедi екен.
Абайсызда қолына билiк тисе,
Қарап жүрген адамға тиедi екен.
Алдымнан бiр топ шешен шыға келдi,
Бұрын соңды көрмеген-ау мендей Ердi,
Амал жоқ, ауыздықтап, жынын бастым,
Намысыма үшкiр тiлiн тыға бердi...
Не iстеймiн тентектiктi өзi бастады,
Тентекті емес, еркекті жауып тастады,
Бiздiң елдiң заңдары «қызық» екен,
Тәртіпсізді ақтады әуел бастағы...
Өзі бастап, жәбір көрген бола қалды,
Жоқ жерден «айғақтары» тола қалды,
Айтаққа барлық күшiн қосып жатыр,
Біздің жақ «сыйлауымен» қонақтарды...
...Осылай өмiр шiркiн өтiп жатыр,
Бiреу келiп, бiреулер кетiп жатыр.
Осыдан Құдай қалап, аман шықсам,
Бәрiн қоям, - «с меня» жетiп жатыр.
Аяғыма лас жер бастырмаймын,
Отбасымды қиналтып, састырмаймын.
Әділдіктің ауылы алыс екен,
Бүгін мен торға түскен қасқырдаймын.
Торға түскен арландай ырылдаймын,
Тұншығып ауа жетпей, қырылдаймын,
«Әке!» деген балаларым еске түссе,
Торға түскен торғайдай шырылдаймын.
Я, Тәңiрiм сабырлық, қуат бергей!
Отбасыма нұр төгiп, шуақ бергей!
Я, Алла бар пәледен өзiң сақта,
Дұғам мен тілегіме жауап бергей!
Әумин!
О, Динара, алтыным!
О, Динара, алтыным, Құдай қосқан!
Күн сайын жолға қарап, менi тосқан...
Жаным да сен, Күнiм де, Гүлiм де сен!
Бiр адам жоқ мен үшiн Сенен асқан!
Сенi ойласам, жүрегiм сәл тоқтайды,
Сенсiз Жаным, жүрегiм дәл соқпайды.
Сәттерiңдi қиналған жаным сезiп,
Мен жанымды қоярға жер таппаймын...
Өзiң едiң жүрегiмнiң сыңары,
Өзiң едiң көздерiмнiң шынары,
Ойда жоқта өздерiңнен алыстап,
Жүрек сорлы күнi-түнi жылады.
Бек бол, Жаным, беделiң құламасын!
КөнеміздеРаббымызсынағасын...
Құдайымүмітіңдітауыспасын,
Бақыткелерқиналып-жылағансоң...
Кешiр Жаным, алаңсыз қыла алмадым...
«Бақытты қыламын» деп жиi «алдадым»,
Алдайын деп алдаған емеспiн мен,
Бiлмеймiн намыссызбен сия алмадым.
Бiлесiң ғой, дұшпаным жүргiзбедi,
Қақпан құрды, жадыратып күлгiзбедi...
Көлігімді өртетiп айтағына,
Санаулы болды солай күн тiзбегi...
Бiр Алла Сенi менiң еркем еттi,
Дәл өзiмдей Сенi кiм еркелеттi...
Әкең де жоқ мен жоқта еркелетер,
Әттең-ай, ол да өмiрден ерте кеттi...
Әкемiз алтын жүрек адам едi,
Ағайынға ақ ниет, адал едi...
Сендердi уайым ғып, шыдай алмай,
Кенеттен жүрек тоқтап қала бердi...
«Шүкiр» деймін, қасыңда Анаң қалды,
Сонда да жүрегімде алаң бар-ды.
О, Жаным, Құдай саған өмiр берсiн,
Қолыңда екi бiрдей балам қалды...
Алтыным, ұлдарымды жылатпашы,
Еш нәрсе жалындырып, сұратпашы,
Әке бастап, бiз құрған шаңырақты
Шамаң келсе, алтыным, құлатпашы!
Қашанда жылуымды беремiн ғой,
Аман болсам, бiр күнi келемiн ғой,
Алтыным, Сен дегенде жаным құрбан,
Керек болса, Сен үшiн өлемiн ғой!
Өзiңмен өмiрiмнiң сәнi болсын!
Есiмiң жүрегiмнiң әнi болсын!
Оралбегiм Қазақтың батыры боп,
Димашым күллi әлемнiн ханы болсын!
Әумин!
Соңғы хат
Көп нәрсе көрдiм Әкесiз қалып жасымнан,
Адамдар болды "жетiмсiң!" деп басынған,
Адамдар болды - ақ ниеттi, ақ пейiл,
Бауырға басып, сыйпалаған басымнан.
Түсiнгенiм, ойға тоқып жасымнан,
Бәрi өтедi, бұл күн де өтер басыман!
Алла қалап, ерте ме, кеш пе бiр күнi,
Жазасын алар кейбiреулер басынған!
Береке кетсе алдыңдағы асыңнан,
Билiк те өтер, өмiр де өтер басыңнан!
Барар жерi бар адамның бiр-ақ жер,
Байың да барар байлығын айтып тасынған.
Артыңда қалар, жиып терiп тыққаның,
Алдыңнан шығар жақсылық үшiн шыққаның!
Артыңда қалып қатын, балаң, достарың!
Алдыңнан шығар маңдай тердi сыққаның!
Өмiр сүрсең жақсылық iстеп адамға,
Атың шығар он сегiз мың ғаламға...
Ерте ме, кеш пе, өлiм дәмiн татарсың,
Өмiрiң барда осы жайлы алаңда!
Айтқым келгенi ойланыңдар, адамзат!
Істемеңдер кешiрiлмес харам зат!
Аққа қара жақпаңыздар жабылып,
Осы өлеңiм болсын сiзге соңғы хат!
Жан досым Қажымұқан ҒАБДОЛЛАға!
Не дейiн досым, өртенiп iшiм барады,
Батыс қазағы бүгiн бiзге қарады,
Қолымнан келсе жазып-жазып кетейiн,
Айтылған шындық бiр күнi орнын табады...
Адам болған - адам болып қалады,
Мал болғандар - итше үрiп қабады!
Ішi тарлар сенде барды көре алмай...
Қара жағып, аяғыңнан шалады!
Ерте ме, кеш пе, бәрiн Құдай алады,
Сол кезде досым, жалғыз шындық қалады.
Жақсылыққа жақсылық берiп Тәңiрiм,
Зұлымдарды тозағына салады...
Осылай досым, өмiрiм өтiп барады.
Ұлдарым менiң тағыда жолға қарады,
Кiшкентай күнім әкесiн жоқтап жылауда,
Жүрегiмдi, сірә, сағыныш толып, жарады...
Атыңың басын үйiме кейде бұрарсың,
Перзенттеріме қарайласып тұрарсың.
Қолыңнан келсе, адал болып халқыңа,
Жауыз-дұшпанның шындығын ашып-ұрарсың!
Руслан, Бақытов, мамыр күндері, 2013 жыл
Орал қаласы, «Қырық тұрба» түрмесі
Abai.kz