Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
3037 0 пікір 24 Мамыр, 2023 сағат 12:39

Түркиядағы сайлау: Синан Оған Ердоғанды қолдады

Түркиядағы президент сайлауының бірінші турында 5 пайыз дауыс алған кандидат Синан Оған өз жақтастарын Реджеп Тайып Ердоғанға дауыс беруге шақырды. Бұл туралы Түркияның Hurriyet басылымы жазған.

Синан Оған Ердоғанмен кездесуден кейін осындай шешімге келген. Hurriyet ақпаратына қарағанда, Синан Оған Конституцияның кейбір баптарын өзгертпесе, барлық терроршыл топқа қарсы күресетін болса, Сирия босқындарын шығарып жіберсе, Ердоғанды қолдайтынын айтқан.

14 мамырда Түркияда президент сайлауы өтті. Сайлаушылардың 49,5 пайызы Ердоғанға дауыс берген. Ердоғанның басты бәсекелесі, оппозицияның ортақ кандидаты Кемал Қылышдароғлы 45 пайызға жуық дауыс алған. Кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған соң, 28 мамырға сайлаудың екінші туры белгіленген.

Сарапшылардың ойынша, Синан Оғанның қолдауынан кейін Ердоғанның екінші турда жеңіске жету мүмкіндігі көбейе түседі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 451
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1675
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 423
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 403