Сенбі, 23 Қараша 2024
1673 1 пікір 24 Мамыр, 2023 сағат 12:53

Қазақстан Ресейге дрондар берді ме? Министр не дейді?

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан компаниялары Ресейге дрондар мен микрочиптерді тасымалдады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық компаниялар Ресейге Қытайдың дрондары мен батыс микрочиптерін жібереді деген болжам айтты, бұл Мәскеудің санкцияларды айналып өтуіне мүмкіндік береді. Журналистер кулуарда бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан пікір білдіруін сұрады.

"Алдыңғы айда АҚШ-тан, Еуропадан арнайы делегация келген болатын. Біз делегациямен келіссөздер жүргіздік. Егер қандай да бір қауіп төнетін тауарлар сол жаққа өтетін болса, олар бізге тізім береді. Сол тізімді біз дұрыстап, мұқият қарайтын боламыз. Біздің мақсатымыз - санкцияланған тауарларға жол бермеу. Егер санкцияланған тауарларды анықтасақ, әрине, тиіс шаралар қолданамыз. Бізде тиіс келісім бар, егер сол келісім бойынша бізге ақпарат түссе, ондай тауарларды жібермейміз. Жалпы кез келген кәсіпкерді ұстап, оны қандай да бір тәртіп бұзушы ретінде қарастыра алмаймыз ғой. Нақты сіз айтып отырған компания бойынша ақпаратты тексерейік", - деді ол.

Жамаубаев күдікті компаниялардың тізімінде журналистер айтқан компаниялары жоғын атап өтті.

"Олар берген ақпарат ішінде сіз айтқан компания болған жоқ. Қазір біз қосымша тәуекелді басқару жүйесін қосамыз, егер сондай мүмкіндік кетсе, оған жол бермейміз. Бізде мыңдаған кәсіпкер бар, олардың декларациясын тексеру керек, мүмкін олар басқа тауар деп көрсеткен шығар", - деді министр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375