Жексенбі, 11 Мамыр 2025
2220 0 пікір 25 Мамыр, 2023 сағат 13:19

«Ауыл балаларына көңіл бөлінбейді»: Смайылов әкімдерді сынға алды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов балалардың жазғы демалысы кезінде ауыл балаларына дұрыс көңіл бөлінбейтінін айтып, әкімдерді сынға алды. 

«Өңірлерде балалардың жазғы демалысы мен бос уақыттарын тиімді өткізу ісі көп жағдайда формалды түрде жүргезіледі. Әсерлі, мағыналы іс-шаралар аз. Көбіне сапасы сын көтермейді», - деді деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол әкімдіктер бұл бағыттағы жұмысы сылбыр екенін айтты.

«Ауыл балаларына да қажетті деңгейде көңіл бөлінбейді. Бұл орайда, әкімдіктер тарапынан тиісті жұмыс көлемі жеткіліксіз екенін атап өту керек.

Жалпы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде көптеген маңызды мәселелерді ескеру қажет.

Әсіресе, балаларға арналған бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде қорытынды емтихандар бекітілген кестеге сәйкес сапалы өтуі тиіс», - деді ол.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2086
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3488