Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
2424 0 пікір 25 Мамыр, 2023 сағат 13:15

Белгияда 16 жастан бастап дауыс беруге болады

Бельгия билігі ел азаматтары үшін Еуропарламент сайлауында 16 жастан бастап дауыс беруге рұқсат берді.

Осылайша Бельгия Еуропалық одақта мұндай шешім қабылдаған Мальта, Германия мен Аустриядан кейінгі төртінші мемлекет болып отыр.

«Жас шегін төмендету арқылы біз нақты сигнал жіберіп отырмыз. Біз сіздің дауысыңызды да, пікіріңізді де естігіміз келеді», - деді Бельгияның ішкі істер министрі Аннелиз Верлинден.

Осылайша, 280 мыңға жуық жас бельгиялық азамат келесі жылы еуропалық деңгейде өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие болады. Бірақ сайлаушылар тізіміне автоматты түрде енетін ересектерден айырмашылығы, дауыс беруді қалайтын кәмелетке толмағандар алдын ала тіркелуі керек.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2832
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 935
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 878